ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

Жерлестеріміз әлемдік аренада топ жарды. Индонезияның астанасы Джакарта қаласында жасөспірімдер арасында өткен Азия чемпионатына барған көкшетаулық 5 споршының барлығы жүлдемен оралды

16:42, 19 мамыр 2017   171

Жерлестеріміз әлемдік аренада топ жарды. Индонезияның астанасы Джакарта қаласында жасөспірімдер арасында өткен Азия чемпионатына барған көкшетаулық 5 споршының барлығы жүлдемен оралды.

Бұл жолы да жерлесіміз Ыспандияр Қайыржанның мерейі үстем болды. Олай дейтініміз, көкшетаулық жерлесіміз жуырда ғана АҚШ-тың Техас штаты Киллен қаласында өткен әлем чемпионатында күміс жүлде еншілесе, Азия чемпионатында осы көрсеткішті тағы бір мәрте дәлелдеді. Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің 3-ші курс студенті Ыспандияр Қайыржан осымен үшінші жыл пауэрлифтингке ден қойыпты. Білім алумен қатар жатпай - талмай жаттығады. Тынымсыз еңбек нәтиже берді. Дүбірлі додаға Азияның 30 - дан астам елінен  700 - ге жуық спортшы сынға түскен болатын.  Спортшыларды Филиппинде өтетін кезекті чемпионат күтіп тұр. Алдағы жауапты жарыстарға дайындық жұмыстары басталып кетті.

Ерболат Серікбай,  Павел Соловьев 

«Қазақстан-Көкшетау» телеарнасының ресми сайты

020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Куйбышев көшесі, 19 үй Байланыс телефондары: 8 (716 2) 40-13-75