ШҰҒЫЛ! БАБАЛАР САЛҒАН САРА ЖОЛ... Толығырақ

КИЕЛІ МЕКЕН - ТҮРКІСТАН!

16:11, 14 қараша 2017

Аталмыш білім ордасының оқушылары бұл саяхатқа дейін «Туған жер» жобасының шеңберінде Қазақстанның Солтүстік, Шығыс өңірлерінде де болған. Абай елі – «Жидебай – Бөрілі», Мағжан Жұмабаевтың елі – Сарытомар ауылына барып қайтқан. Енді, күзгі демалыста Оңтүстік Қазақстанда орын тепкен Отырар, Түркістан, Сауран, Ясы қалаларына барып, мұсылмандардың киелі жерлерінің мәдениетімен, тарихымен танысты. Алған білімдерін, жүрген бағыттарын арнайы күнделік дәптерлеріне жазып отырған. Алдағы уақытта осы мәліметтерді ғылыми жұмыстар мен жобаларының негізгі декерккөзі ретінде пайдалана алады, - дейді ұстаздар.

Осы жолғы саяхатқа 34 оқушы барып қайтты. Олар рухани сапар барысында, Арыстан баб бабаның тарихымен танысып, кесене жанындағы емдеу қасиеті бар құдықтан су ішіпті. Мұнымен қоса, ортағасырлық сәулет өнері ескерткіші саналатын - Қожа Ахмет Яссауидің кесенесіне де барған. Оқушылар кітап беттерінен оқып қана қоймай, көзбен көріп, қолмен ұстап көрген тарихи маңызы зор киелі жерлерден алған әсерлерімен бөлісті.

Рухани жаңғыру – ұзақ мерзімге жоспарланған бағдарлама. Соған сәйкес, өңірде түрлі шаралар легі кезең – кезеңімен жүзеге асырылмақ. Енді, алдағы уақытта мектеп ұжымы оқушыларды Астана іргесінде орналасқан Ақмол ауылындағы «Саяси қуғын – сүргін құрбандарының  мұражайымен» таныстыруды көздеп отыр.  

Гүлмира Аманбаева

Тақырып бойынша материалдар

ТАБИҒИ ҚОРЫҚТЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІ АРТПАҚ
20:39, 7 тамыз 2017
ТАБИҒИ ҚОРЫҚТЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІ АРТПАҚ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. ҚОҒАМДЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАР БІРІКТІРЕДІ
15:14, 11 қазан 2018
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. ҚОҒАМДЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАР БІРІКТІРЕДІ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ. БЕРЕКЕЛІ БАСТАМАЛАР - ҰТЫМДЫ ҰСЫНЫСТАР
15:14, 11 қазан 2018
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ. БЕРЕКЕЛІ БАСТАМАЛАР - ҰТЫМДЫ ҰСЫНЫСТАР
Толығырақ...