Гүлнар Талапкерқызы Бекенов, «Қазақстан» РТРК» АҚ-ы Ақмола облыстық филиалының редактор
Гүлнар Талапкерқызы Бекенова 1970 жылдың 5-ші қазанында Солтүстік Қазақстан облысы, Явленка селосында дүниеге келген.
1987-ші жылы Петропавл қаласындағы №2 орта мектепті тәмамдаған соң Петропавл педагогика институтына оқуға түсті.
1990-шы жылдың наурызында «Солтүстік Қазақстан» облыстық газетіне жұмысқа орналасты, 1994-ші жылы Солтүстік Қазақстан телерадиокомпаниясына тілшілік қызметке орналасты.
1999-шы жылдың 4-ші қазанында Ақмола облыстық телеарнасына редакторлық қызметке келді. 2007-ші жылға дейін ақпараттар қызметінің жетекшісі, бағдарламалар директоры қызметтерін атқарды. Қазіргі қызметі- "Кokshe» телеарнасының шеф-редакторы.