ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

1897 ЖЫЛҒЫ ХАЛЫҚ САНАҒЫНЫҢ ҚҰЖАТЫ МҰРАЖАЙҒА ТАБЫСТАЛДЫ

20:36, 17 мамыр 2017

Өткен күннен – өшпес белгі! Облыстық тарихи-өлкетану мұражайына 1897-ші жылы Ақмола өңірі бойынша жүргізген алғашқы халық санағы туралы құжаттың түпнұсқасы әкелінді.

Өткен күннен – өшпес белгі! Облыстық тарихи-өлкетану мұражайына 1897-ші жылы Ақмола өңірі бойынша жүргізген алғашқы халық санағы туралы құжаттың түпнұсқасы әкелінді. Тарихтан сыр шертетін құнды жәдігерде сол кезеңдегі аймақ тұрғындары туралы мәліметтер берілген. Тарихи құжатты Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ақмола облысына жұмыс сапары кезінде өңір басшысы Мәлік Мырзалинге арнайы табыстаған. Тарихи құжаттарға бүгінгі күннің көзімен қарау қашан да қызықты. Ресей Империясының тұсында, яғни 19-шы ғасырдың аяғында Ақмола облысына жүргізілген алғашқы халық санағы туралы құжат 1904-ші жылы Санк-Петербург қаласында басылып шыққан. Әлі күнге дейін өңі кетпеген құнды жәдігер аймақ тарихын айшықтайтын басты белгілердің бірі. Құжатта негізінен сол кезеңде облыс аумағындағы балалар, ер адамдар мен әйелдер, олардың ұлты мен кәсібі, қоғамдық жұмыстары туралы ақпараттар берілген. Мұражай қызметкерлерінің айтуынша, құжатта халықтың нақты саны қандай екені көрсетілмеген. Дегенмен, кейбір тарихи деректерге қарағанда, сол уақытта Көкшетау уезінде 80-90 мыңдай адам тұрған. Басым көпшілігі – қазақ ұлты. Сонымен қатар, татар, орыс және Литва халықтары да көптеп өмір сүрген. Өлкентану мұражайы, аты айтып тұрғындай, аймақтың тарихын терең зерттеп-тануды мақсат етіп келеді. Қазіргі күні мұнда 81 мыңнан астам жәдігер бар екен. Енді оған халық санағы туралы құжаттың түпнұсқасы қосылды. Ал, ол қазіргі күні мұражайдағы ең маңызды жәдігер болып тұр.

Өңірдің тарихына қызығушылық танытқан тұрғындар өлкетану мұражайына келіп, халық санағы туралы құжатпен таныса алады. Айта кетейік, 1897-шы жылы жүргізілген санақ қорытындысы бойынша, сол кезеңдегі тұрғындардың басым бөлігін қазақ және  славян халықтары құраған.

Нұргүл Нұрбайқызы, Василий Вережников 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...