ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

А. ВЛАДИМИРОВ - ҮЗДІК БЕЙНЕ СОМДАҒАН АКТЕР

19:59, 19 қыркүйек 2017

Андрей Владимиров – өз мамандығы бойынша театр және кино актері. Өнер жолын осыдан 8 жыл бұрын бастаған. Бүгінге дейін көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Десе де, бұл жолғы марапаттың орны бөлек, - дейді. Жалпы, республикалық фестивальге әр облыстан мықты-мықты деген сегіз театр қатысқан. Ал, Ақмола облысының намысын орыс драма театры қорғады. Театр ұжымы өздері 2 жыл бойы сахналап жүрген «Панночка» спектаклін ұсынған. Гогольдың «Вий» мистикалық повесінің желісі бойынша жазылған пьесада Андрей басты кейіпкер - Хоманың рөлін сомдады. Көрермендердің назарына оқиғаны барынша шынайы жеткізіп, көпшіліктің көңілінен шықты. Сөйтіп,  жас актер «Ең үздік ер адам бейнесі» атағын жеңіп алды.

Бағалаушылар тарапынан оң бағаланған пьеса желісі былайша өрбиді. Шағын ауылда зират басын мекен ететін қыз жайында әңгіме жүреді. Бір күні ауылға кездейсоқ келіп қалған Хома мен шайтан қыздың арасында махаббат сезімі пайда болады. Соңында Хома өзінің сезіміне адал екенін дәлелдеп, қызбен бірге о дүниеге аттанады. Осындай қиял-ғажайыпқа толы қойылымның басты кейіпкері – Хоманың рөлін жас актер асқан шеберлікпен орындап шықты.

Атап өту керек, бұл театрдың биылғы жылғы  үшінші жарқын жеңісі. Бұған дейін Қазақстан ұлттық театрларының 4-ші фестивалінде «Үздік сценография» номанациясын жеңіп алса, жас режиссерлердің республикалық фестивалінде де үздіктердің қатарынан көрінді.

Биыл қазан айында Ақмола облыстық орыс драма театры 40 жылдық мерейтойын атап өтеді. Бүгінге дейін өнер ұжымы көрермендердің назарына көптеген тамаша туындыны ұсынып үлгерді. Қазір театрдың драма, комедия және музыкалық драма бағытындағы 20-ға жуық спектаклі бар.

Нұргүл Нұрбайқызы

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...