ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

БІРЖАН САЛДЫҢ ЖАҢА БЕЙНЕСІ

17:24, 24 мамыр 2017

Көкше өңірінің тумасы, қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдызы Біржан салдың көпшілік біле бермейтін фотосуреті табылды.

Көкше өңірінің тумасы, қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдызы Біржан салдың көпшілік біле бермейтін фотосуреті табылды. Тың деректермен танысып, ән майталманының шынайы бейнесін қылқаламмен шебер сала білген қаржы саласының маманы, сурет өнерін жанына серік еткен - Толқынбек Әкім. Оның айтуынша, бұған дейін дүйім жұрт Біржан салдың өзі деп келген бәріне таныс сурет  анығында өзге біреу болып шыққан.

Көкше өңірінің зиялылары жиналған басқосуда Біржан салдың Әбілхан Қастеев  салған алғашқы  суреті және жаңа бейнесі турасында әңгіме өрбіді. Соңғы кездері қазақ ән өнеріне сүбелі үлес қосқан тұлғаның белгілі суретші салған бейнесі дәл Біржан салдың өзі емес деген әңгіме тараған еді. Осы мәселені айқындап, өткенді ұмытпай, оны  ұлықтауға шақыру мақсатымен  шараны облыс орталығындағы Мәлік Ғабдуллин музейі ұйымдастырып отыр.

Толқынбек Әкім Әбілхан Қастеев салған сурет Біржанның нақ өзі емес екенін естіген соң, бірден әншінің шынайы бейнесін іздеуге кіріседі. Сол ретте ол қызметтес жолдастарының айтуымен, Ә.Марғұланның 14 томдық кітаптарын ақтарып, ішінен 1868 жылы түскен ақын, әншілердің бейнесіне көзі түседі. Сөйтіп, сол суреттің  әдеби кітаптарда жазылған  Біржанның кескін, бітіміне сай келіп тұрғанына еш күмәнданбайды.

Жиын соңында Толқынбек аға ерекше бір толқыныспен дүйім жұртқа аса ыждағаттылықпен, бар ынтасымен Біржан салға ұқсатып салған портретін көрсетті. Көпшілік жаңа кейіпте салынған бейнеге өз бағаларын  беріп, пікірлерімен бөлісіп тарқасты.

 

Айгүл Мырзағалиқызы, Бауыржан Смағұлов

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...