ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

ХАЛЫҚ ӘНШІСІ БОЛАМЫН!

19:06, 8 маусым 2017

Зеренділік жас әнші Әйгерім Дәулетхан халықаралық “Күншуақ” өнер фестивалінен жеңіспен оралды

Зеренділік жас әнші Әйгерім Дәулетхан халықаралық “Күншуақ” өнер фестивалінен жеңіспен оралды. Шағалалы селосының музыка мектебінен тәлім алатын шәкірт халықаралық сайыста гран-при иегері атанып келді. Жеңімпазды жүлдесімен құттықтап қайтқан әріптесім Айгүл Мырзағұлдың бейнематериалын назарларыңызға ұсынамыз.

Әйгерім Дәулетхан көпбалалы отбасының үшінші перзенті. 4 жасынан бастап әнге деген қабілетін байқаған әкесі Мұрат Байдуллин дарынды қызының өнерін шыңдау үшін ән мектебіне беріп, одан қалды түрлі қалалық, облыстық және халықаралық байқауларға қатысуға қолдау жасап келеді. Осы халықаралық «Күншуақ» байқауынан гран-при иегері атанған Әйгерім, бұған дейін,  қалалық «Жаңа ұрпақ дауысы» мен «Жұлдыз достарын шақырады» атты республикалық байқауларына, 2-ші халықаралық «Жас өнер» мен  Мәскеуде өткен славян әндерінің халықаралық фестивалінен 1-ші орындарды иеленіп, әке үмітін ақтап жүр. «Күншуақ» фестивалі жас таланттыларды демеп, өнерпаздарға есігін айқара ашқан байқаулардың бірі. Жыл сайын дәстүрге айналған байқау биыл 13-рет өткізіліп отыр. Үш күнге созылған байқауда Ақмола облысының тұғыры биіктеді. Көкше елінің абыройын асқақтатуға Әйгерім Дәулетханмен бірге, ауылдастары, яғни  «Балдәурен» тобының бұлбұлдары да бақтарын сынап қайтты. Айтпақшы, Әйгерім де осы топтың мүшесі. Осы топпен бірге шеберлікпен орындалған ән байқауында ерекше бағаланып, топтар арасындағы екінші номинация бойынша тағы да гран при иегері атанған. Осылайша, зеренділік әншілердің қармағына екі гран-при іліккен.  Жүлдегер шәкірттердің жүзі бал-бұл жайнап, ерекше күйге бөленіп отырды. Бақтары сынға түскен фестивальде жерлес өнерпаздар шетелдік әншілер Селин Дион мен Майкл Джексонның әндерін орындап қана қоймай, отандастары Батырхан Шүкеновтың «Отан ана» әнін зор ықыласпен шырқап шыққан.

Айгүл Мырзағұл

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...