ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

ҚАЛДЫРҒАН СӨЗІМ – АМАНАТ...

16:28, 6 қазан 2017

Облыстық филармония бүгінде өңірдегі ән мен күйдің киелі ордасына айналып отырған мәдени орталықтардың бірі. Ал ондағы өнер ұжымдарының ішінде Кенжебек Күмісбеков атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрінің алатын орны ерекше. Осыдан 24 жыл бұрын құрылған оркестрдің құрамында бүгінде 40-тан астам музыкант өнер көрсетеді. Жарты ғасырдан астам тарихы бар өнер ордасына биыл Үкілі Ыбырайдың есімі беріліп отыр. Сондықтан да маусымның ашылуына орай ұйымдастырылған концерттік кеш негізінен Үкілі Ыбырай бабамыздың шығармаларына негізделді.  

Мерекелік шараның шымылдығын Қазақстан және Татарстан Республикаларының Халық әртісі Нұржамал Үсенбаева Үкілі Ыбырайдың «Гәкку» әнімен ашты. «Гәкку» әншінің көп жылдардан бері орындап жүрген, бүгінде репертуарынан ойып тұрып орын алған әндердің бірі.

Көкше жұртшылығын арнайы құттықтауға Қазақстан Республикасының Халық әртісі Қайрат Байбосынов та келді. Өнер ұжымына алда табыс тілеп, филармонияға Үкілі Ыбырайдың есімін жер жүзіне асқақтатуына тілектес екенін жеткізді. Сонымен қатар, концерттік бағдарламада Астанадан арнайы келген Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдиновтың дирижерлығымен  симфониялық оркестр де өнер көрсетті.

Кеш соңында облыс әкімінің орынбасары Айна Мүсірәлімова осындай маңызды оқиға Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының аясында атқарылып жатқанын алға тартып, облыстық филармония ұжымын құттықтай келе, шығармашылық шабыт тіледі.  

Әйгерім Бекмағамбетова

Тақырып бойынша материалдар

А. ВЛАДИМИРОВ - ҮЗДІК  БЕЙНЕ СОМДАҒАН АКТЕР
19:59, 19 қыркүйек 2017
А. ВЛАДИМИРОВ - ҮЗДІК БЕЙНЕ СОМДАҒАН АКТЕР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...