ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

МЕРЕЙЛІ МАУСЫМДЫ «АБЫЛАЙХАН» ТАРИХИ ТОЛҒАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

15:29, 1 маусым 2017

Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының мерейлі 20-шы маусымы Сәкен сері Жүнісовтың «Абылайхан» тарихи толғауымен қорытындыланды.

Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының мерейлі 20-шы маусымы Сәкен сері Жүнісовтың «Абылайхан» тарихи толғауымен қорытындыланды. Қойылым алғаш рет 2004 жылы сахналанған еді. Енді міне, актерлер құрамы жастармен толығып, көрермен назарына қайта ұсынылып отыр. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мұратбек Оспанов режиссерлік еткен спектакль жастарды отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, өр рухқа тәрбиелейтініне куә болдық.

Актерлік ансамблі, сценографиялық сәндеуі мен әуендік әрлеуі бір-бірімен ұштасқан спектакль сахна шымылдығы ашылысымен-ақ көрерменнің көңілін баурап алады. Тарихи-толғау жанрындағы спектакльде жас батыр Сабалақ-Әбілмансұр рөлін театрдың жас актері Самат Шәймерденов сомдайды, ал дарынды дипломат, алып тұлғалы Абылай ханды Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, талантты да тәжірибелі басшы Мұратбек Оспановтың өзі сомдайды.

Алты Алаштың ақ туын желбіреткен, ақылды да, айбарлы Абылайханның көркем бейнесі көрермендерді қашанда Ұлттық рухтың билігіне жетелей берері сөзсіз. Актерлердің шеберліктерінің арқасында бұл спектакльде Абылайханның бейнесі толықтай ашылады. Олардың дауыс ырғағы, іс қозғалысы мен бет-жүзінің  мимикасы шынайылықтан мүлт кетпеді. Айта кетейік, соңғы жылдары тетар көптеген жас актерлермен толықты. Олар бүгінде өнерсүйер қауымның жүрегінен орын алып үлгерді.

Биылғы мерейтойлы маусым театр ұжымы үшін жемісті де табысты болды деуге болады. Тетар қоржыны екі комедия және психологиялық драмамен толықты. Басқа да тың қойылымдарымен көрермендерін қуантты.

Театр ұжымы Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне қатысып, Шахмет Құсайыновтың «Анамның ақ көйлегі» мен Алмас Темірбайдың «Алып елім - Алашым» музыкалық композициясын қоюды жоспарлап отыр.

 

 

Бибінұр Әмірханқызы 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...