ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

САЛТ-ДӘСТҮР, ӘДЕТ-ҒҰРЫП, ЖӨН-ЖОРАЛҒЫ...

19:43, 8 маусым 2017

«Дәстүр. КЕШЕ. БҮГІН. ЕРТЕҢ».

 «Дәстүр. КЕШЕ. БҮГІН. ЕРТЕҢ». Осындай атаумен  жыл соңына қарай Қазақстан Жазушылар Одағы хатшысының орынбасары, ақын, жазушы Қасымхан Бегмановтың  төрт томдық кітабы жарық көрмек. Ұлтымыздың өткені, бүгіні және болашағы жайында сыр шертетін  алтын қазынада еліміздің ғұламалары, академиктері, ғылым докторлары, профессорларынан алынған сұхбаттар   жарияланады. Осы ретте ел ішін аралап, халық этнографиясы өкілдерін іздестіріп жүрген туынды авторы Көкше өңіріне келді. Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы, ақын, жазушы Қасымхан Бегманов өңірдегі зиялы қауым өкілдерімен және студенттермен кездесіп, өзінің өмір жолы, шығармашылығы жайында сыр ақтарды. Өлең-жырларынан шашу шашып, жиналған қауымның көкейіндегі сауалдарға жауап берді.  Жастарға халық этнографиясы жөнінде азды-кем мағлұмат беріп, оларды елін, жерін сүюге, тарихын қастерлеуге шақырды. Автордың  жыл соңына қарай жарық көретін төрт томдық кітабында ұлтымыздың тарихы жайында барлығы 250 беттен құралған сұрақтар талқыланады. Айтуынша,  ол жерде айтылмай өткен мәселе қалмаған: қолөнер шеберлерінен бастап, бүркітші, атбегілерге дейін қазақтың мәдениетінен толыққанды ақпарат беретін тұлғалардың сұхбаттары жарияланады.  Тәрбиесі мол бұл жиынның жастарға да берері мен айтары көп болды. Ұлт жанашыры Қасымхан Бегманов «Дәстүр. Кеше.Бүгін.Ертең» атты кітабын жазуға өз үлесін қосқысы келетін азаматтардың қазақ халқының этнографиясы жайында білген-түйгені мен естіген-көргені болса хабарласып, байланысқа шықса деген  тілегін айтып қалды.   

Айгүл Мырзағалиқызы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...