ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

«СЕН БЕ КӨКШЕ, СҰЛУЛЫҚТЫҢ АРҚАУЫ!»

16:10, 26 мамыр 2017

«Сен бе Көкше, сұлулықтың арқауы»! Осындай атаумен елордадан келген әнші Ерлан Құжиман өңір тұрғындарына әннен шашу шашты.

 «Сен бе Көкше, сұлулықтың арқауы»! Осындай атаумен елордадан келген  әнші Ерлан Құжиман  өңір тұрғындарына әннен шашу шашты. Шарада Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Балуан шолақ сынды қазақ ән өнерінің негізін салушылардың туындылары орындалды.

Қазақтың дәстүрлі әндерін көпке насихаттап, домбырасын жанына серік етіп жүрген қазақ өнерінің жанашыры Ерлан Құжиманның бұл алғашқы концерті емес. Бүгінге дейін талай келіп, кербез Көкшені әнмен әуелетіп, қоңыр үнімен ән бесігінде тербеген еді. Бұл жолы қоржынын сирек орындалатын 30-ға жуық әнмен толтырып ала келіпті.

Ерлан Құжиман әншілер отбасында дүниеге келген. Кеш көркін Астана мен Алматыдан келген «Қорқыт» халық аспаптар ансамблі, Ерлан Төлеутай, Сейіл Аяған, Телман Нұртай  сынды күміс көмей, жез таңдайлар қыздырды. Ұлттық өнерді жанындай сүйетін, алыстан келген әншіге қолдау білдіре келген көрермендер де өз ықыласын білдіріп жатты.

Керемет кештің тағы бір ерекшелігі – Қарағандыдан келген «Нұр Әсем» фирмасы қазақтың ұлттық киімдерінің көрсетілімін жасады.   Осылайша жоғары деңгейде дайындалған қазақ өнерінің жанашыры көкшеліктерді әлі талай тамсандыратынын айтты.

Айгүл Мырзағалиқызы, Василий Вережников

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...