ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

«ШАЛҚЫМАНЫҢ» ШАБЫТЫ ШАРЫҚТАЙ БЕРСІН!

17:01, 12 маусым 2017

«Өнерден қуат алмаса шамшырағы сөнеді».

 «Өнерден қуат алмаса шамшырағы сөнеді». Ежелден ән-жырдың бесігі атанған киелі өкше өңірі дарындардан кенде емес. Солардың бірі - би сайыстарының бірнеше дүркін лауреаты атаған "Шалқыма" халықтық би ансамбліне 15 жыл толып отыр. Осыған орай көрерменнің өзайымына айналған би ұжымы дүйім жұртқа арнайы мерейтойлық бағдарлама ұсынды. Өнер теңізінде тұңғиыққа бойлап, халықты би әуенімен тамсандырып жүрген ару қыздар көзі қарақты көрерменге мерейтойлық концертте мың бұралған биден шашу шашты. 15 жыл ішінде бишілердің бірнеше толқыны өсіп шықты. Бүгінгі күні ансамбль құрамында 60-қа жуық қаракөз ару бар. Мың бұралған бишілеріміздің әрқайсысының  орны бөлек,өнері басым. «Шалқыма» халықтық би ансамблі он бес жыл ішінде Қазақстанның барлық аймақтарында концерттік бағдарламамен гастрольдік сапарға шықты. Шет елдерді де бағындырып үлгерді. Атап айтсақ, Түркия, Малайзия, Испания, Әзірбайжан сынды мемлекеттерге барып, қазақтың киелі өнерін ортаға салып, жеңіспен де талай мәрте жерлестерін қуантты.  «Шалқыманың» шалқыта билеген әр биінде ыстық ықылас, кіршіксіз сезім айқын көрініс тапқандай сезілді. Өнер десе ішкен асын жерге қоятын талапшыл көрермен «Шалқыманың» шабыты шарықтай берсін деген тілек арқалап қайтты.

М.Болатұлы.  

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...