ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

ТОҚТА, БАЛАМ, АТАҢ КЕЛЕДІ АРТЫҢНАН...

19:21, 6 маусым 2017

Ақмола облыстық орыс драма театрының ұжымы Щучинск қаласындағы қарттар үйінде қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырды.

Ақмола облыстық орыс драма театрының ұжымы Щучинск қаласындағы қарттар үйінде қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырды. Театр әртістері қамкөңіл қарияларға арнайы әзірлеген қойылым ұсынып, құрмет көрсетті.

Щучинск қаласындағы арнайы медициналық-әлеуметтік көмек көрсету орталығының іргетасы 1993-ші  жылы қаланған. Қазір мұнда 103 адам бар. Оның 70 –і зейнет жасында болса, 31 – і мүмкіндігі шектеулі жандар. Ақмола облыстық драма театрының ұжымы сонау сұрапыл соғыс жылдарын бейнелейтін «Майдан шебіндегі өжет қыздар» қойылымын көпшілік назарына ұсынды.

Медициналық-әлеуметтік мекемедегі әр қарияның тағдыры әрқилы. Сондықтан бүгінгі репертуардың өзі кездейсоқ емес. Көрерменнің жас ерекшелігін ескере отырып, жасалған туынды көпшіліктің көңілінен шықты.

Ақмола облыстық орыс драма театрының ұжымы қойылым аяқталған соң  арнайы әзірлеген тарту тәттілер мен жылы-жұмсақтарды өз қолдарымен үлестірді. Қариялар өздеріне көрсетілген қошемет құрмет үшін ыстық-ықыласын аямады.

Ерболат Серікбай 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...