ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

ЖАС ЖҰБАЙЛАРҒА АРНАЛҒАН ДӘРІСТЕР

17:37, 15 маусым 2017

Соңғы 5 жылда облыс көлемінде шамамен 28 мың отбасы шаңырақ құрса, солардың жартысына жуығы ажырасқан.

Соңғы 5 жылда облыс көлемінде шамамен 28 мың отбасы шаңырақ құрса, солардың  жартысына жуығы ажырасқан. Көкшетауда осы өзекті мәселенің алдын-алу мақсатында жастарға арналған арнайы курс ашылды. Онда баяндамадан бөлек, жас отбасылардың кез-келген тығырықтан шығуына негізделген ойындар  ұйымдастырылады.  Қала тұрғындары бұл бастамаға қызығушылық танытып, ұйымдастырушыларға қолдау білдіріп отыр. Жауаптылардың мәліметінше, 30 күндік курсты аяқтаған жас жұбайлар арнайы сертификатқа ие болады.

Арнайы курс - жас жұбайлардың өзара қарым-қатынасын нығайтып, түсіністігін арттыру мақсатында қолға алынған. Отбасы құныдылығын нығайтып,  оны сақтау,  және ажырасу оқиғаларының алдын-алу  - осы жобаның негізгі міндеттерінің бірі. Айтпақшы, бұл шараның неке сарайында ұйымдастырылуы да тегіннен-тегін емес.

Прокуратура, Әділет департаменті және "Шаңырақ" қоғамдық қорлары үш жақты меморандумға  қол қойғаннан соң, арнайы курс өз жұмысын бастады. Бұл жобадан көпшіліктің де күтер үміті зор. 

Жас отбасылар мұнда заңгер және психолог мамандардан кеңес алатын болады. Белсенділік танытқандар шаһарымызда өтетін түрлі мерекелік шараларға тартылмақ.

 Раушан Сайлауқызы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...