
Елдің экологиялық жағдайын түзету мақсатында өңірде «Гүлдене бер, туған жер!» атты акциясы бастау алды.
Елдің экологиялық жағдайын түзету мақсатында өңірде «Гүлдене бер, туған жер!» атты акциясы бастау алды. Акция шеңберінде өңір тұрғындары әр сенбі сайын қала көшелерін тазалап, ағаш көшеттерін егу жұмыстарын жүргізуде. Ал, жастар тарапы мектеп ауласын көгалдандыруға, егілген ағаштарды күтіп-баптауға машықтануда. Осындай игі істің бірін облыс прокурорлары мен «Жас Отан» жастар қанаты қолға алып, қала мектептерінің оқушыларымен бірге білім ошағының ауласында жас қарағайларды егіп көріктендірді.
«Гүлдене бер, туған ел!» акциясы аясында ағаш көшеттері отырғызылды. Акцияның басты мақсаты-балаларға жақсы үлгі көрсету, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға үйретумен қатар оларды еңбекке баулу,-дейді ұйымдастырушылар.
Мектеп оқушылары ағаштарды бар ынта-жігерімен отырғызып жатты. Бірі күрегін қолына алып, ағаш отырғызса, енді бірі шелегін алып, оған су құйып, қайнаған тіршіліктің үлгісін көрсетті.
Жалпы, мектеп ауласына егілген 18 қарағайды алдағы уақытта оқушылар күтіп-баптайды. Балапан қарағайлар мектеп айналасын жасыл желекке бөлеп, білім ұясының ажарын тіптен аша түсті.
Айгүл Мырзағұл, Дархан Сағын