ШҰҒЫЛ! РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР 200 ШАҚЫРЫМ АВТОЖОЛ ЖӨНДЕЛЕДІ Толығырақ

Қарттарым – асыл қазынам!

14:00, 20 қазан 2016

Қазақ халқы ертеден-ақ қарттарын ерекше қадірлей білген.

Қазақ халқы ертеден-ақ қарттарын ерекше қадірлей білген. Қариялардың айтқанына құлақ түріп, ақыл-кеңестерін тыңдаған. Қазақ даласының әр аймағындағы, ауылындағы жөн сілтер ақсақалдарды ауызбіршілік пен ынтымақтың белгісі, бетке ұстар ер-азаматы, ақыл-өсиеттің кеніші деп бағалай білген. Бұл игі дәстүр бүгінгі күнге дейін өзінің құндылығын жоймай келеді. Соның айғағындай, жыл сайын елімізде қазан айында қарттар мен мүгедектер айлығы аталып өтіледі. Айтулы шара шеңберінде Ақмола облысының әкімі көкшетаулық қарияларды құттықтады.

Қарттар мен мүгедектерді қолдау айлығына арналған мерекелік кешке кезінде түрлі салада еңбек етіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік үлестерін қосқан еңбек ардагерлері, Көкшетау қаласының құрметті азаматтары мен зейнеткерлері шақырылған. Жиын барысында алдымен облыс әкімі сөз алып, қарияларды құттықтады.

Кеш барысында биылғы айлықтың Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен тұспа-тұс келіп отырғаны ерекше аталып өтілді. Осы жылдар ішінде Ақмола облысы барлық салада көптеген жетістікке қол жеткізді. Экономикалық әлеуеті артып, өндірістік сала жөнінен республика бойынша алдыңғы орындардан көрінуде. Бұның бәрі, әрине, бүгінгі құрметті қариялардың тынымсыз еңбегі, адал қызметінің жемісі. Олар келешек ұрпақ үшін төр төгіп, еліміздің өркендеуі жолына барлық күш-жігерін арнады. Мерекелік жиында қадірлі қонақтарға концерттік бағдарлама да ұсынылды.     

Айта кетейік, бүгінгі күні Көкшетау қаласында 47 соғыс ардагері мен 1200-ден астам еңбек ардагері тұрады. Ал,  қаладағы зейнеткерлердің жалпы саны 24 мыңнан асады.

Нұргүл Нұрбайқызы, Бауыржан Смағұлов. 

Тақырып бойынша материалдар

Қолөнер шебері "Экспо-2017" көрмесінде шетелдіктерге  ұлттық өнерді дәріптемек
12:39, 24 қаңтар 2017
Қолөнер шебері "Экспо-2017" көрмесінде шетелдіктерге ұлттық...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

РЕФЕРЕНДУМ: 33 БАПҚА 56 ӨЗГЕРІС ЕНУІ МҮМКІН
19:30, 24 мамыр 2022
РЕФЕРЕНДУМ: 33 БАПҚА 56 ӨЗГЕРІС ЕНУІ МҮМКІН
Толығырақ...
ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР БАЛҒЫНДАРҒА АРНАЛҒАН МЕРЕКЕ
18:26, 25 мамыр 2022
ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР БАЛҒЫНДАРҒА АРНАЛҒАН МЕРЕКЕ
Толығырақ...
ЖОЛДАРДЫ ЖӨНДЕУГЕ 1 МЛРД.ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК
18:22, 25 мамыр 2022
ЖОЛДАРДЫ ЖӨНДЕУГЕ 1 МЛРД.ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК
Толығырақ...