«Достар» мәдениет сарайында «Қазақша караоке» байқауы өтті.
«Достар» мәдениет сарайында «Қазақша караоке» байқауы өтті. Сайыстың ең басты ерекшелігі, оған түрлі ұлттың өкілдері қатысқан.
РКС: «Қазақша караоке» вокалды-музыкалық байқауы 22-ші қыркүйекте аталып өтілетін Қазақстан халықтарының тілдері күніне арналған. Мұндай байқаулар Ақмола облысында дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Байқау шарты бойынша оған 14 пен 40 жасқа дейінгі кез-келген өнерпаз қатыса алады.
Байқауға қатысушылар орындайтын туындыларын өздері таңдаған. Көрермендер болса, әрбір қатысушыны зор құрметпен қарсы алып отырды. Осылайша, дауыс беру қорытындысы бойынша, бірінші орынды №3 Дарын мектеп-интернатының 10-шы сынып оқушысы Алина Соколова иеленді.
Ал, екінші орын Евгения Моисеенкоға, үшінші жүлде Анастасия Речкаловаға бұйырды. Сайысқа қатысқандардың барлығы арнайы алғыс хаттармен марапатталды. Айта кететін жәйт, сайыс жеңімпазына «Достар» Мәдениет Сарайы жанындағы «Таволга» вокалды ансамблінің мүшесі болу туралы ұсыныс жасалды.
Нұргүл Нұрбайқызы, Сания Копжасарова, Арман Балбергенов