
Бүгінде клуб қатарында 30-дан аса 1-ші, 2-ші курс студенттері бар. «Айбын» әскери-патриоттық клубы қала, облыс, сондай-ақ Республика деңгейінде өткізілген сайыстардың жеңімпаздары
Көкшетау қаласындағы Жанайдар Мусин колледжінің жанында 2011 жылы құрылған «Айбын» әсери-патриоттық клубының мүшелері еліне деген сүйіспеншілігін іс-жүзінде дәлелдеп отыр. Бүгінде клуб қатарында 30-дан аса 1-ші, 2-ші курс студенттері бар. «Айбын» әскери-патриоттық клубы қала, облыс, сондай-ақ Республика деңгейінде өткізілген сайыстардың жеңімпаздары. Мәселен, 2015 жылы Қарағанды қаласындағы «Спаск» оқу орталығында өткен тұңғыш Республикалық әскери-патриоттық жастар жиынында жүлделі 2-ші орынға ие болды.