ШҰҒЫЛ! РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР 200 ШАҚЫРЫМ АВТОЖОЛ ЖӨНДЕЛЕДІ Толығырақ

Қолөнер шебері "Экспо-2017" көрмесінде шетелдіктерге ұлттық өнерді дәріптемек

12:39, 24 қаңтар 2017

Көкшетау қаласының тұрғыны, он саусағынан өнер тамған ісмер, қолөнер шебері Кенжебай Смағұлқызы ұлттық нақышта жасаған туындыларын "Экспо-2017" көрмесі қарсаңында келушілерге ұсынбақшы.

Көкшетау қаласының тұрғыны, он саусағынан өнер тамған ісмер, қолөнер шебері Кенжебай Смағұлқызы ұлттық нақышта жасаған туындыларын "Экспо-2017" көрмесі қарсаңында келушілерге ұсынбақшы. Осылайша қазақтың төл өнерін дәріптеуді көздейді. Бүгінде оюмен безендірілген түрлі туындылар  тіге бастапты. Ісмер жан болашақта үйірме ашып, нәзік жандыларға қолөнердің қыр-сырын үйретуді жоспарлауда.

"ЭКСПО-2017" көрмесіне көкшелік ісмер қызу дайындық үстінде. Кестемен тоқылып, оюмен көмкерілген түрлі туындылар жазда көрмеге жол тартпақ.  Осылайша миллондаған шетелдік «ЭКСПО» көрмесі қарсаңында  ұлттық өнерімізбен танысатын болады. Жасы 70-тен асқан ісмер ананың  бұл іспен айналысқанына жарты ғасырдың жүзі болыпты. Содан бері ұлттық өнерден қол үзбей келеді. "Ана көрген тон пішер" демекші, бүгінде қыздары да үйреніп,  қолөнерді жанына серік еткен.

Кенжебай Смағұлқызы кестеден бастап, ұлттық киім, көрпеше,  түс киіз, кілем, қабырға суреттердің түр-түрін тоқиды, тігеді, кестелейді. Бұлардың қай-қайсысы болмасын, ерен еңбекті талап етеді. Сондықтан да ұрпақтан-ұрпаққа мирас боп келе жатқан осынау күрделі  өнерді өзге де арулар үйренсе деген тілек те жоқ емес. Тек ол үшін, жергілікті билік өкілдері аздап болса да қолдау көрсетсе деген ниетте. 

Ұлттық мирас  мұнымен тоқтап қалмақ емес. Бүгінде төл өнерге қолөнер шеберінің немерелері де қызығушылық танытып жүр. Демек ұлттық өнер ұмытылмайды, ұлықталады, ұрпақтар сабақтастығымен жалғасады.  

Раушан Сайлауқызы,  Василий Вережников

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

РЕФЕРЕНДУМ: 33 БАПҚА 56 ӨЗГЕРІС ЕНУІ МҮМКІН
19:30, 24 мамыр 2022
РЕФЕРЕНДУМ: 33 БАПҚА 56 ӨЗГЕРІС ЕНУІ МҮМКІН
Толығырақ...
ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР БАЛҒЫНДАРҒА АРНАЛҒАН МЕРЕКЕ
18:26, 25 мамыр 2022
ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР БАЛҒЫНДАРҒА АРНАЛҒАН МЕРЕКЕ
Толығырақ...
ЖОЛДАРДЫ ЖӨНДЕУГЕ 1 МЛРД.ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК
18:22, 25 мамыр 2022
ЖОЛДАРДЫ ЖӨНДЕУГЕ 1 МЛРД.ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК
Толығырақ...