ШҰҒЫЛ! РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР 200 ШАҚЫРЫМ АВТОЖОЛ ЖӨНДЕЛЕДІ Толығырақ

Степногорск қаласында XII-ші ұлттық дельфий ойындары бастау алды

17:26, 3 қараша 2016

Степногорск қаласында XII-ші Ұлттық Дельфий және елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған Парадельфий ойындары бастау алды.

Степногорск қаласында XII-ші Ұлттық Дельфий және елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған Парадельфий ойындары бастау алды. Оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 10 мен 25 жас аралығындағы талантты балалар мен жастар қатысып, екі күн бойы жүлделі орындар үшін бақ сынасады. Ал жеңімпаздар Халықаралық Дельфий ойындарында еліміздің намысын қорғайтын болады.

Дельфий ойындарының ашылу салтанатында әр команда өздерінің өнерлерін ортаға салды. Биыл парадельфий ойындары ыммен ән айту және хореографиялық өнер сияқты екі аталым бойынша өтпек. Бұл биылғы ойындардың басты ерекшелігі болып табылады,-дейді ұйымдастырушылар.

Ұлттық Дельфий ойындарына қатысуға биыл  500-ден аса жас өтініш келіп түскен. Өнер сайысы 17 аталым бойынша яғни, ән, би, музыкалық аспаптарда ойнау, тележурналистика және басқа да өнер түрлері бойынша өтпек.

Жеңімпаздар өнер көрсететін қорытынды-концерт XII Ұлттық Дельфий ойындарының жабылу салтанатында, яғни, 4-ші қараша күні Степногорск қаласындағы «Горняк» мәдениет сарайында өтеді.

Бибінұр Әмірханқызы, Салтанат Рыскелдинова, Василий Вережников

Тақырып бойынша материалдар

Қолөнер шебері "Экспо-2017" көрмесінде шетелдіктерге  ұлттық өнерді дәріптемек
12:39, 24 қаңтар 2017
Қолөнер шебері "Экспо-2017" көрмесінде шетелдіктерге ұлттық...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

РЕФЕРЕНДУМ: 33 БАПҚА 56 ӨЗГЕРІС ЕНУІ МҮМКІН
19:30, 24 мамыр 2022
РЕФЕРЕНДУМ: 33 БАПҚА 56 ӨЗГЕРІС ЕНУІ МҮМКІН
Толығырақ...
ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР БАЛҒЫНДАРҒА АРНАЛҒАН МЕРЕКЕ
18:26, 25 мамыр 2022
ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР БАЛҒЫНДАРҒА АРНАЛҒАН МЕРЕКЕ
Толығырақ...
ЖОЛДАРДЫ ЖӨНДЕУГЕ 1 МЛРД.ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК
18:22, 25 мамыр 2022
ЖОЛДАРДЫ ЖӨНДЕУГЕ 1 МЛРД.ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК
Толығырақ...