Алдымызда Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы жақындап келеді.
Алдымызда Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы жақындап келеді. Қазірдің өзінде еліміздің түкпір-түкпірінде айтулы мейрамға арналған іс-шаралар өткізілуде. Мерейтой қарсаңында көкшетаулық белсенді азаматтар да қарап қалмай, облыс орталығында мерекелік автошеру өткізді.
Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған мерекелік автошеруге Көкшетау қаласындағы автоклубтардың өкілдері, қала тұрғындары мен Тәуелсіздіктің құрдастары қатысты. Еліміздің көк Туын желбіреткен 15-ке жуық автокөлік облыс орталығындағы Ту тұғыры орнынан бір уақытта аттанды. Олар қала көшелерін бойлай жүріп өтіп, Тәуелсіздік алаңына келіп тоқтады. Осылайша, Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы әрбір қазақстандық үшін ерекше мейрам екенін көрсеткіміз келді, - дейді шараға қатысушылар.
Нұргүл Нұрбайқызы, Павел Соловьев.