ШҰҒЫЛ! РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР 200 ШАҚЫРЫМ АВТОЖОЛ ЖӨНДЕЛЕДІ Толығырақ

ҰЛТТЫҢ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУГЕ ДАЙЫНДЫҚ

17:31, 12 қараша 2019


Ағылшын тілін меңгергендігін растайтын халықаралық сертификаты бар түлектер «Шет тілі» пәні бойынша ұлттық бірыңғай тістілеуден босатылады. Тестілеуге қатысу үшін өтінімді онлайн беруге болады. Түлектер үшін аса маңызды Ұлттық бірыңғай тестілеу жүйесінің форматында тағы қандай өзгешеліктер бар? Әріптесім Ердгіүл Дәдібас баяндайды.

Сейпілова Мерей – 18 орта мектептің 11-сынып оқушысы. Туризм мамандығын таңдап отыр. Ол үшін ағылшын тілін жоғары деңгейде білу қажеттігін жақсы түсінеді. Сондықтан, IELTS, яғни ағылшын тілін жетік меңгергендігін растайтын халықаралық сертификатқа ие болу арқылы «Шет тілі» пәнінен тест тапсырудан босатылу үшін ақы төлеп, жекеменшік білім беру орталықтарына барып жүр. Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындықтан ұстаздар қауымы босатылғандықтан, Мерей тәрізді оқушылар соңғы емтихандарына өз күштерімен дайындалуда.

МЕРЕЙ СЕЙПІЛОВА, №18 ОРТА МЕКТЕПТІҢ 11-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ:

Мен ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындалу үшін білім беру орталығына екі жыл бойы барып жүрмін. Және мектептен, мұғалімдерімнен қосымша ақпараттар алып, мұғалімдерден және интернеттен онлайн тестілеуді қолданып, өзімді ҰБТ-ға дайындаймын.

Мерей айтып отырған онлайн-байқау тестілеуі де тегін емес. Құны – 260 теңге. Бұдан басқа, жоғары оқу орындарына ақылы негізде түсу үшін Ұлттық тестілеу орталығы өткізетін тест сынағы бір оқушы үшін 2242 теңгені құрайды. Ал мемлекеттік грантты ұтып алу үшін жазда өтетін ҰБТ-ға қатысу қажет. Бұлар өткен жылы енгізілген өзгерістер, ал биыл қандай да бір өзгешелік бола ма деп ұлттық тестілеу орталығының филиалына бардық.

ҚУАНЫШ МҰХАМЕДЖАНОВ, ҰЛТТЫҚ ТЕСТІЛЕУ ОРТАЛЫҒЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Биыл енді ҰБТ-ға байланысты өзгерістер жоқ. Сол форматта қалады. Былтырдан бері өзгерістер енгізілді, жаңалықтар болды. Ол – ҰБТ-ның 4 рет тапсырылуы. Ол қаңтар, наурыз, маусым және тамыз айларында тапсыруға мүмкіндігі бар. Тағы бір айта кететін жағдай. Бұрын мамандықтар бойынша гранттар тағайындалатын болса, қазір білім беру топтары бар. Сол арқылы бала бірінші топқа өтінішін береді, грант ұтып алған жағдайда ары қарай мамандықтарын таңдайды.

Өткен жылдарға талдау жасасақ, түлектеріміз үш жыл қатарынан тест нәтижесі бойынша 74-76 пайыз орташа көрсеткішке қол жеткізген екен. Ал биылғы түлектерге тек сәттілік тілейміз!

ЕРДІГҮЛ ДӘДІБАСҚЫЗЫ,  ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

Қолөнер шебері "Экспо-2017" көрмесінде шетелдіктерге  ұлттық өнерді дәріптемек
12:39, 24 қаңтар 2017
Қолөнер шебері "Экспо-2017" көрмесінде шетелдіктерге ұлттық...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

РЕФЕРЕНДУМ: 33 БАПҚА 56 ӨЗГЕРІС ЕНУІ МҮМКІН
19:30, 24 мамыр 2022
РЕФЕРЕНДУМ: 33 БАПҚА 56 ӨЗГЕРІС ЕНУІ МҮМКІН
Толығырақ...
ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР БАЛҒЫНДАРҒА АРНАЛҒАН МЕРЕКЕ
18:26, 25 мамыр 2022
ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР БАЛҒЫНДАРҒА АРНАЛҒАН МЕРЕКЕ
Толығырақ...
ЖОЛДАРДЫ ЖӨНДЕУГЕ 1 МЛРД.ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК
18:22, 25 мамыр 2022
ЖОЛДАРДЫ ЖӨНДЕУГЕ 1 МЛРД.ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК
Толығырақ...