
Ақмола өңірінде бүгінгі күні 592 денсаулық сақтау нысаны жұмыс істейді.
Ақмола өңірінде бүгінгі күні 592 денсаулық сақтау нысаны жұмыс істейді. Оның біреуі республикалық, 19-ы облыстық, 5-уі ауданаралық, 8-і қалалық және 543 нысан елдімекендерде тұрғындарға медициналық қызмет көрсетеді. Алайда аймақта дәрігер мамандардың тапшылығы мәселесі анық байқалады. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында мемлекеттік деңгейдегі іс - шаралар қолға алынған.
Амантай Арыстанбек өткен жылы аймаққа «дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы келген жас маманның бірі. Ол Зеренді ауданына қарасты Еленовка елдімекенінде 4 мыңнан астам тұрығынға медициналық қызмет көрсететін дәрігерлік амбулаторияның меңгерушісі болып қызмет атқарады.
Кадр тапшылығын жою мақсатында медицина мамандықтарына оқуға түскендерге аймақта жыл сайын атаулы стипендия тағайындалады. Бүгінгі күні 20 студент 700 мың теңге көлемінде шәкіртақы алады. Осы мақсатқа облыстық бюджеттен 14 миллион теңге қаржы қарастырылған.
Ерболат Серікбай