ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

АУРУХАНА ЗАМАНАУИ КЕЛБЕТКЕ ИЕ БОЛДЫ

19:28, 15 қыркүйек 2017

1964 жылы негізі қаланған Есіл аудандық ауруханасының 4 кешені бар.  Өткен жылы 4 бөлімшеге 61 миллион теңге сомасына күрделі жөндеу жүргізілген. Ал, енді биыл аурухананың сыртына күрделі жөндеу жасау қолға алынған. Сонымен қатар, ғимарат алаңы да абаттандырылуда. Бұл жұмыстар үшін облыс қазынасынан 45 миллион теңге қарастырылған. 82 керуетке арналған ауруханада жылына барлығы  5 мыңнан аса адамға медициналық қызмет көрсетіледі.

Аталған ауруханада барлығы 16 дәрігер, ал жалпы аудан бойынша 44 дәрігер жұмыс істейді. Бірақ, соған қарамастан, ауданда кадр тапшылығы сезілуде. Атап айтар болсақ, педиатр, жалпы тәжірибе дәрігері, эндокринолог сынды мамандар қажет. Сонымен қатар, бірқатар медицина құрал-жабдығы да жаңартуды қажет етіп тұр.

Ақ халатты жандардың айтуларынша, соңғы жылдары әсіресе, жүрек ауруы жиелеп кеткен. Тыныс-алу жолдарының дерті де дендеп тұр. Қазір ауданда аталған аурулардың алдын- алуға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.  

Ә. Қаматайқызы 

Тақырып бойынша материалдар

ЕЛОРДАЛЫҚ АНГИОХИРУРГТЕР ШЕБЕРЛІК САҒАТЫН ӨТКІЗДІ
17:56, 3 сәуір 2018
ЕЛОРДАЛЫҚ АНГИОХИРУРГТЕР ШЕБЕРЛІК САҒАТЫН ӨТКІЗДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...