ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

«БОЛАШАҚ» ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАСЫНА - 20 ЖЫЛ!

18:20, 6 қазан 2017

Соңғы кезде балалар арасында неврологиялық науқастар саны өсіп келеді. Балалар арасында сал ауруы да көбейіп, жағдай ушығып отыр. Ресми деректерге сүйенсек, жыл сайын Қазақстанда 3500 бала тұқым қуалаушылық және туа бітті патологиялармен дүниеге келеді. Сондықтан жүйке жүйесі зақымданған балаларды емдеуге арналған  облыстық «Болашақ» ауруханасының өңір балаларының денсаулығын қалпына келтіруде рөлі орасан зор. Аурухана бүгінде жылына 3 мыңға жуық баланы емдеуге қауқарлы. Мекеме қажетті деген барлық медициналық қондырғылармен, атап айтсақ, физио, электро, жарық және  магнитті терапия құралдарымен толық жабдықталған.

Жүйке жүйесі зақымданған балаларды қалпына келтіруде емдік дене шынықтыру жаттығулары мен уқалап, сылаудың маңызы зор. Сондықтан ауруханада екі дене шынықтыру кабинеті бар. Олар қажетті деген барлық заманауи жабдықтармен жарақталған. Ал, сылап-сипауға арналған 4 кабинет жұмыс істейді. Онда біліктілігі жоғары медбикелер қызмет көрсетеді. Оның бірі 20 жылдық еңбек өтілі бар  Қатыш Естаулетова.

Денсаулығында кінараты бар балаларды ерте жастан уақытылы, әрі сапалы оңалту үшін облыстық «Болашақ» ауруханасының мамандары барын салады. Мұнда 3 айлық баладан 15 жасқа дейінгі балалар ем қабылдайды.

«Болашақ» облыстық ауруханасы 20 жылдық мерейтойына орай, аудандағы емхана дәрігерлерінің қатысуымен аймақтық конференция өткізді. Онда жүйке жүйесі зақымданған балаларды қалпына келтіре емдеу мәселелері талқыланды.

Бибінұр Әмірханқызы

 

Тақырып бойынша материалдар

ЕЛОРДАЛЫҚ АНГИОХИРУРГТЕР ШЕБЕРЛІК САҒАТЫН ӨТКІЗДІ
17:56, 3 сәуір 2018
ЕЛОРДАЛЫҚ АНГИОХИРУРГТЕР ШЕБЕРЛІК САҒАТЫН ӨТКІЗДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...