ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

«ЕКІ ЖҰЛДЫЗ» ӘН БАЙҚАУЫ

17:40, 15 маусым 2017

Медицина саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай аталған салада еңбек етіп жүрген мамандардың қатысуымен «Екі жұлдыз» ән байқауы өтті.

Медицина саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай аталған салада еңбек етіп жүрген мамандардың қатысуымен «Екі жұлдыз» ән байқауы өтті. Биылғы додаға 13 жұп қатысып, өнер әлемінде өз бақтарын сынады.Медицина саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесінің орны ерекше. Бұл сала мамандарының әр күні ерлікпен тең деп айтсақ артықтық етпес. Күн сайын адам жанын арашалап, оларға ең басты байлық – өмір сыйлау бақытының иегелері атанады. Медицина саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында жыл сайын «Екі жұлдыз» шоу-бағдарламасы ұйымдастырылып келеді. Ондағы басты мақсат – медицина саласы  қызметкері мамандығының беделін арттыру, шығармашылық қабілеттері дамыту, шығармашыл бастаманы қолдау, осы сала мамандарының арасында үздіктерді анықтау.  

Байқауға қатысқан 13 жұп әр тілді ән айтып, өз өнерлерін ортаға салды. Шоу-бағдарламаның шартына сәйкес жұптардың біреуі кәсіби орындаушы болса, екіншісі – медициналық сала қызметкерінен құралған. Әр жұп бір музыкалық композиция орындады, сонымен қатар таңдаған әніне байланысты өздерінің сахналық образын да  сомдады. Қатысушылар театрландырылған қойылымдар мен жалындаған би арқылы орындаған әндерін әрлендіре түсті.

Байқау қорытындысына сай қазылар алқасының ұйғарымымен облыстық тері-венерологиялық диспансерінің бөлімше меңгерушісі Наталья Соколова гран-при иегері атанды. Облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің бөлімше меңгерушісі Лилия Высоцкая бірінші жүлдені еншіледі. Өнерлерімен қазылар алқасы мен көрермен қауымды тәнті еткен үш қатысушы екінші орынға лайық деп танылса, тағы үш медицина қызметкері үшінші жүлдені сарапқа салды. Жүлдегерлер арнайы кубоктармен марапатталды. Барлық қатысушыларға шоу-бағдарламаның демеушісі «Француз Үйі» серіктестігі арнайы сыйлықтар табыс етті.

Бексұлтан Әбілсерікұлы

Тақырып бойынша материалдар

ЕЛОРДАЛЫҚ АНГИОХИРУРГТЕР ШЕБЕРЛІК САҒАТЫН ӨТКІЗДІ
17:56, 3 сәуір 2018
ЕЛОРДАЛЫҚ АНГИОХИРУРГТЕР ШЕБЕРЛІК САҒАТЫН ӨТКІЗДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...