ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

ӘЛЕУМЕТТІҢ ӘЛЕУЕТІ ӘЛДЕНУДЕ

18:43, 3 шілде 2017

Көкшетау қаласының тұрғыны Көркем Құдайбергенова бүгінде екі баланың анасы.

Көкшетау қаласының тұрғыны Көркем Құдайбергенова бүгінде екі баланың анасы. Ол сәби туғанда берілетін жәрдемақының өсетінін алғаш рет естігенде қатты қуанды. Айтуынша, мұндай мемлекеттік әлеуметтік көмек халықтың әл-ауқатын көтеруге және демографиялық жағдайды жақсартуға  септігін тигізеді.

Мәліметтерге сүйенсек,  елімізде жылына 400 мыңға жуық бала өмірге келеді екен. Ал, Ақмола облысында ай сайын 986 бала, Көкшетау қаласында 272 сәби дүниеге есігін ашады. Жаңа туған сәбидің әрбіріне енді жоғарылатылған жәрдемақы берілетін болады.

1-ші шілдеден бастап жасына байланысты берілетін зейнетақы мөлшері де 11 пайызға ұлғайды. Ал, базалық зейнетақы төлемі 13 пайызды құрап отыр. Қазіргі күні Ақмола облысында 110 мың 361 зейнеткер бар. Енді олар жоғары көлемді зейнетақымен қамтамасыз етілетін болады.

Сондай-ақ, әскери мамандар, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен арнайы шені бар тұлғаларға берілетін зейнетақы мөлшері де көбейеді. Мемлекеттің осындай әлеуметтік көмегіне Ақмола облысында құқық қорғау органдарының 3 мыңға жуық қызметкері ие болмақ.

Мамандардың айтуынша, ең төменгі күнкөріс шегі де қайта қаралатын болады. Бұл 2018-ші жылдың қаңтар айынан бастап елімізде жалпы әлеуметтік көмектің көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Нұргүл Нұрбайқызы

Тақырып бойынша материалдар

ЕЛОРДАЛЫҚ АНГИОХИРУРГТЕР ШЕБЕРЛІК САҒАТЫН ӨТКІЗДІ
17:56, 3 сәуір 2018
ЕЛОРДАЛЫҚ АНГИОХИРУРГТЕР ШЕБЕРЛІК САҒАТЫН ӨТКІЗДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...