ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

ЕЛОРДАЛЫҚ АНГИОХИРУРГТЕР ШЕБЕРЛІК САҒАТЫН ӨТКІЗДІ

17:56, 3 сәуір 2018

РКС:  Ұйқы күретамырын 60 пайызға тарылтатын атересклерозды түйіншек пайда болып,  ми қан айналымы бұзылса, дәрігерлер ота жасау туралы шешім қабылдайды. Өйткені, дер кезінде жасалған ота көптеген аурулардың алдын алады,-дейді мамандар.

СНХ: СЕРІК КӘКЕНОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ   ///АУДАРМА: Мұндай ота каротидті эндартерэктомия деп аталады. Оны қан тамырлары дертіне шалдыққан науқастарға жасайды. Өйткені, осы ота арқылы инсульт, тромбоэмболия сияқты аурулардың алдын алуға болады. //

РКС: Мұндай ота облысымыз бойынша бірінші рет жасалуда. Астаналық ангиохирургтердің шеберлік сағаттарынан кейін өңір дәрігерлері бұл отаны өздері жасайтын болады.

СНХ: СЕРІК КӘКЕНОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ   ///Жеке меншік емдеу мекемелерінде бұл отаның құны шамамен, 1 миллион теңгеден жоғары болады. Ал, біздің қалалық ауруханада біз оны тегін жасаймыз. Бүгінде облыстың медицина мекемелері отаның бұл түріне әзірге ота жасамайды. Сондықтан біздің дәрігерлер ұйқы күретамырында түйіншек анықталған науқастарға ота жасап, олардың толығымен сауығып кетуін өз бақылауларына алатын болады. ///

РКС: Ұйқы күретамырындағы түйіншекті алып тастау отасы шамамен, 1 сағатта жасалады. Науқас тәулік бойы дәрігерлердің жіті бақылауына алынады. Одан кейін 7-10 күндей ауруханада жатып, ем-дом қабылдайды. Айта кетейік, қалалық ауруханадағы бұл отаны бұдан былай тамыр хирургі Александр Дьячков өзінің көмекшісімен бірге жасайтын болады.

ЕСТ.ШУМ

СНХ: НҰРЛАН ЖАРОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ  ХИРУРГИЯ БӨЛІМШЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ///аударма: Шеберлік сағатын өткізудегі мақсат - біздің ауруханада ұйқы күретамырына ота жасау әдісін енгізу. Ол үшін бізге онкология және трансплантология ұлттық ғылыми орталығының мамандары арнайы келді. Атап айтсақ, аталмыш орталықтың бөлімше меңгерушісі, ангиохирург  Нұрлан Нығметжанұлы Сағындықов пен жетекші анестезиолог Берік Алтайұлы Өнеров біздің дәрігерлерге шеберлік сағатын өткізді.  Бұдан былай біздің дәрігерлер мұндай отаны өздері жасайтын болады. //

РКС: Каротидті ота инсульттің алдын алады. Алайда, ұйқы күретамырындағы түйіншектің қайта өсу қаупі де жоқ емес. Сондықтан дәрігерлер мұндай дертке шалдыққан жандар салауатты өмір салтын ұстанып, темекі мен майлы тағамдардан бас тартуы қажет,-дейді.

Бибінұр Әмірханқызы, Жамал Ғабдуллина

 

Тақырып бойынша материалдар

 «БОЛАШАҚ» ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАСЫНА  - 20 ЖЫЛ!
18:20, 6 қазан 2017
«БОЛАШАҚ» ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАСЫНА - 20 ЖЫЛ!
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...