ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

МЕДИЦИНА САЛАСЫНДАҒЫ МАРДЫМДЫ ҚАДАМ

12:04, 24 тамыз 2017

Өңірде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне көшуге қатысты ақпараттық - түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. Жаңа жоба 2018- ші жылы  енгізіледі. Ал ағымдағы жылдың 1-ші шілдесінен бастап, жұмыс берушілер жұмысшылары үшін жарналар аудара бастады.  Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің арнайы қорына облыс бойынша жалпы көлемі 81 миллион теңгеге жуық жарна түскен. Жүргізілген үгіт-насихат жұмыстары барысында анықталғаны өңір тұрғындарының 70 пайызға жуығы аталмыш жүйеге оң бағасын беріп отыр.

Міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне тіркелмес бұрын, әр адам өзінің әлеуметтік мәртебесін анықтап алу қажет. Ол үшін халыққа қызмет көрсету орталығы немесе кез - келген ауруханаға барып, туу куәлігіңізді яғни жеке сәйкестендірілген нөміріңізді көрсетсеңіз болғаны. Әр адамға жеке сақтандыру полисі ашылады. Сөйтіп, таңдаған емханаңызға барып, тескеріле аласыз. Ай соңында сізге кеткен шығын есебі сақтандыру қорына жіберіліп отырады.

Бұл жүйе халық денсаулығын жақсартуға және өмір сүру ұзақтығын ұлғайтуға, сапалы медициналық көмекке қолжетімділікті арттырып, халықтың амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуіне жол ашпақ.

Ерболат Серікбай

 

Тақырып бойынша материалдар

ЕЛОРДАЛЫҚ АНГИОХИРУРГТЕР ШЕБЕРЛІК САҒАТЫН ӨТКІЗДІ
17:56, 3 сәуір 2018
ЕЛОРДАЛЫҚ АНГИОХИРУРГТЕР ШЕБЕРЛІК САҒАТЫН ӨТКІЗДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...