
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне төлемдерді қабылдау жұмыстары ағымдағы жылдың 1-шілдесінде басталады.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне төлемдерді қабылдау жұмыстары ағымдағы жылдың 1-шілдесінде басталады. Осыған орай «Нұр Отан» партиясының Ақмола облыстық филиалында жаңа жүйені түсіндіруге байланысты қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды. Сонымен қатар денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаеваның қатысуымен бейне-конференция өтті. Оған Ақмола облысымен қатар еліміздің басқа өңірлері де қосылды. Әріптесім Бибінұр Әмірханқызының бейнематериалында толығырақ.
Еліміздің медицина мекемелері 2018 жылдың қаңтарынан міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша жұмыс істейді. Сондықтан, 1-шілдеден бастап аталмыш жүйеге төлемдерді қабылдау жұмыстары басталмақ. Ол үшін алдымен әр азамат өзінің әлеуметтік мәртебесін анықтап алуы қажет. Өйткені, медициналық сақтандыру полисі әлеуметтік жағынан аз қамтылған 14 санатқа жататын 10 миллионға жуық адам үшін тегін болмақ. Яғни, олар үшін жарнаны мемлекет төлейді.
Денсаулық сақтау вице-министрінің қатысуымен өткен тікелей бейне-конференцияда жаңа жүйенің қыр-сыры түсіндіріліп, міндеттер айқындалды. Жұмыс берушілер төлейтін ең жоғарғы жарна мөлшері 5 пайыздан 3 пайызға дейін, жеке кәсіпкерлердің жарнасы 7 пайыздан 5 пайызға дейін төмендеді. Жалпы, жүйеге қатысатын барлық санаттар үшін төлейтін жарна мөлшері төмендетілді. Айта кетейік, 2018 жылға дейін арнайы жарнаны жұмыс беруші сіздің еңбекақыңыздан емес, жалпы жалақы көлемінен төлейтін болады.
Айта кетейік, жедел және паллиативті медициналық көмек сақтандыру полисінің бар-жоғына қарамастан тегін көрсетілетін болады.
Бибінұр Әмірханқызы