ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

МІНДЕТТІ МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУДЫҢ САТЫЛАРЫ

17:44, 18 тамыз 2017

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілгелі арнайы қорға Ақмола облысы бойынша жалпы көлемі 81 миллион теңгеге жуық жарна түскен.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілгелі арнайы қорға Ақмола облысы бойынша жалпы көлемі 81 миллион теңгеге жуық жарна түскен. Жүргізілген үгіт-насихат жұмыстары барысында анықталғалы өңір тұрғындарының 70 пайызға жуығы аталмыш жүйеге оң бағасын беріп отыр. Яғни, жаңа жүйе медициналық қызметтің сапасын арттырады деген сенім бар. Сонымен қатар әр адам Қор тізіміндегі кез келген емханада емделу құқықығына ие болады. 

Бүгінде Көкшетау қалалық емханасы 83 мыңнан аса тұрғынға қызмет көрсетеді. Оның 64 мыңы міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде өз мәртебесін анықтауы қажет. Сондықтан бүгінде  емхана мамандары жаңа жүйені түсіндіру жұмыстарын жоғары белсенділікпен жүргізуде.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарнасын биыл екі санаттағы азаматтар төлейді. Олар жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер. Ай сайын төленетін жарна мөлшері әзірге жұмыскер жалақысының 1 пайызын, ал 2018 жылдан бастап 1,5 пайызын құрайтын болады.  Жеке кәсіпкердің жарнасы 2 төменгі айлық жалақының 5 пайызын құрайды. Ал, ай сайын төленетін міндетті жарнаның ең жоғарғы мөлшері 3668 теңге 85 тиыннан аспауы керек. 

Шілде айының жарнасын тамыздың 25-іне дейін екінші деңгейлі банктер мен «Қазпошта» акционерлік қоғамының кез-келген бөлімшесі арқылы төлеуге болады.

Бибінұр Әмірханқызы

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ЕЛОРДАЛЫҚ АНГИОХИРУРГТЕР ШЕБЕРЛІК САҒАТЫН ӨТКІЗДІ
17:56, 3 сәуір 2018
ЕЛОРДАЛЫҚ АНГИОХИРУРГТЕР ШЕБЕРЛІК САҒАТЫН ӨТКІЗДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...