ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

НҰРӘЛІ КӨМЕККЕ ЗӘРУ...

19:53, 24 шілде 2017

Жанайқай. Уайым. Шарасыздық. Тұла бойы тұңғышы қатерлі дертке шалыққаннан бері Нұрәлінің анасының да, әкесінің де әрбір күні осылай өтуде.

Жанайқай. Уайым. Шарасыздық. Тұла бойы тұңғышы қатерлі дертке шалыққаннан бері Нұрәлінің анасының да, әкесінің де әрбір күні осылай өтуде. 2015 жылдың күз айында жалғызы бар болғаны 1,5 жасқа толған шақта дәрігерлер арнайы тексеру барысында сол жақ аяғының балтырында қатерлі ісік бар деген диагнозды анықтаған. Содан бері 1,5 жыл өтсе де,  баласының әрбір минуты, тіпті әрбір қасқағым сәті өмір үшін күреспен тең. Жанына жабысқан дерттен айығу үшін балалар онкологиясы мықты дамыған, тарихы терең Европа мемлекетінде емделуге 47 млн.теңге қаражат керек. Бұланды ауданында қарапайым қатардағы мемлекеттік қызметкер болып жұмыс жасайтын әкесі Дамир Қайырбайұлы үшін мұндай қаражатты жинау мүмкін болмай тұр. Ал анасы, Айнагүл Рахымжанованың әр күні емханамен өтуде.

Дәрігерлердің айтуынша қазір баланың жағдайы бірқалыпты. Бүгінде химиялық терапия қабылдап жатыр. Бұдан соң, сәулелі терапия жасауға Алматы қаласына жіберілмек. Әрине, ашылғанына 4 жылдың көлеміндей ғана болған балалар онкологиясы бөлімшесі еліміздегі тәжербиесі аз бөлімшелердің қатарына жатады. Дегенмен, әлемдегі ең соңғы үлгідегі аппараттармен жабдықталған. Қалай болған жағдайда да, қолымыздан келгенше, баланың өмірін сақтап қалу үшін аянып қалмаймыз, - дейді.  Алайда, Нұрәлінің әкесі аталған қаражат жиналса, Германия мемлекетіне барып толыққанды тексеруден өтіп, емделуді жөн көріп отыр.

Бір өкініштісі, елдегі мұндай дерке шалдыққан сәбилердің қатары жыл санап артып келеді. "Көп тілегі - көл", -демекші өлім мен өмір арасында арпалысқан кішкентай ғана періштенің сауығып кетуіне абзал жандар қолдау танытса деген тілек бар. 

Гүлдана Догдарханқызы

 

Тақырып бойынша материалдар

ЕЛОРДАЛЫҚ АНГИОХИРУРГТЕР ШЕБЕРЛІК САҒАТЫН ӨТКІЗДІ
17:56, 3 сәуір 2018
ЕЛОРДАЛЫҚ АНГИОХИРУРГТЕР ШЕБЕРЛІК САҒАТЫН ӨТКІЗДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...