
Яркокросс бұл – адам өміріне ешқандай қауіп төндірмейтін түрлі бояулардың жауыны астында өтетін жарыс.
Яркокросс бұл – адам өміріне ешқандай қауіп төндірмейтін түрлі бояулардың жауыны астында өтетін жарыс. Қатысушылар барлығы 5 қашықтықты еңсеруі тиіс. Ал ол кезде еріктілер шабандоздардың үстіне түрлі түсті бояулар себеді. Осындай қызықтарға толы өткен марафон әр жүйрікке қуанышты мереке сыйлады.
Әлеуметтік шара жергілікті тұрғындар арасында спортқа деген қызығушылықты арттырып, салауатты өмір салтын ұстануға үгіттеуге бағытталған. Айта кетейік, марафонның жоғары деңгейде өтуіне Ақмола облысының әкімдігі, Бурабай Даму және «Тұран» компаниялары қолдау көрсеткен.
Қазақстандағы бұл жобаның авторы әрі ұйымдастырушылары алдағы уақытта осындай жарысты еліміздің 7 қаласында өткізіп, жалпы саны 25 мың қатысушы жинамақ. Еске сала кетейік, шараның шымылдығы Алматы қаласында маусымның 18-інде түрілген болатын. Енді ол жаз мезгілінің соңына дейін Астана, Қарағанды, Өскемен, Павлодар, Шымкент қалаларында ұйымдастырылатын болады.
Айгүл Мырзағалиқызы, Юрий Обердиенко