ШҰҒЫЛ! 15 МАМЫР – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОТБАСЫ КҮНІ Толығырақ

1 МАМЫР – ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ

19:57, 30 сәуір 2021

 

ДК:  Қазақстан 130-дан астам ұлт өкілін тоғыстырған ортақ Отан. 1995 жылдың 18 қазанында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев аталмыш мерекені Қазақстан халқының  бірлігі күні деп жариялау туралы Жарлыққа қол қойды. Облыс орталығының өзінде 20-дан астам ұлттың өкілі тұрады. Олардың барлығы бірлікте, ынтымақтастықта сыйласып, өңірдің дамуына өзіндік үлес қосып келеді. Айтулы мереке қарсаңында түрлі этно-мәдени бірлестіктің төрағалары мен белсенділері қатысқан салтанатты іс-шара өтті. 

РКС:  Мерекелік іс-шара алдында түрлі этнос өкілдерінің ұлттық тағамдары қойылған «тәтті» көрме ұйымдастырылды. Мәселен, Севара таңертең ерте тұрып, мына тағамдарды дайындауға кіріскен. 14 жасынан бастап асүйдің шаруасына әуестенген. Бүгінде «Арна» жоғары колледжінің 1 курс студенті. Қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысады. Ол өзі дайындаған тағамдарының қонақтарға ұнағанына қуанышты.

СНХ:  СЕВАРА АДАШЕВА, «АРНА»  ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ///қаз///Ассалаумағайлекум! Бұл біздің самса. Ішінде ет. Оны картошкамен дайындауға болады. Тыквамен дайындауға болады. Өте дәмді өзбектердің самсасы. Бұл – манты. Бұл – палау. Өзбек ұлтының ұлттық тамағы. Пловты жегендер де арманда, жемегендер де арманда! Барлығы жақсы көреді. Бұл бізде чучвара. Ал бұл ковурма чучвара. Барлығы жақсы көретін – тандыр нан. Сүтке пісірілген. Барлығы жақсы көреді. Ал бұл тағамды айт мерекесінде дайындайды. Барша қазақстандықтарды құттықтаймыз. Үйлеріңізге бақыт, тыныштық тілейміз.

РКС:  Сондай-ақ, өңірдегі этномәдени бірлестіктің өкілдері де бір-бірін мейраммен құттықтап жатты.       

СНХ:  РАФАИЛ СУЛЬКАРНАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ  «ТАТАР-БАШҚҰРТ МӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ///қазақша///Біз барлығымыз достықта, бірлікте өмір сүреміз. Қазақстан жеріне алғыс айтамыз. Барлықтарыңызға мейрамымыз құтты болсын. Барлығыңызға аман-саулық тілейміз. Келешегіміз жақсы болсын. Сізге есендік саулық! Мейраммен құттықтаймыз!

РКС: Бірлігі күшті ел озады. Ынтымақ бар жерде ғана береке бар. Осы бағытты ұстансақ, әлі де талай жетістіктерді бағындырарымыз сөзсіз, – деді  Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Уақыт Бейсембаев.

СНХ: УАҚЫТ БЕЙСЕМБАЕВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ///қаз///Баршаңызды алдағы 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Бұл мерекенің түп нұсқасын, тарихын жатқа білеміз. Әсіресе, жоғарғы буын, үлкен буын.+скл+Осы Қазақстанның бүгінгі күнінің жетістіктерінің бірі, оны Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев та айтып жатыр,ол  тату, бір-біріне дос ретінде, бір халық ретінде қалыптасып бір-біріне қарауы. Соның арқасында халық «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деп қазақ атамыз айтқандай, халық бір болғаннан кейін ойы, пікірі, мақсаты барлығы бір жерден шығып отырғанда «Бірлік бар жерде тірлік бар» дейді. Бірлік болған жерде біз Қазақстан одан да жоғары жетістіктерге жетеміз деп кәміл сеніммен қараймыз.          

РКС: Аталмыш мерекеге орай түрлі этнос өкілінің белсенділері қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету жолындағы еңбегі үшін Көкшетау қаласы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Салтанатты шараның соңы шағын концерттік бағдарламаға ұласты.

ТІЛЕК ҚАЙЫРЖАН, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, ШОҚАН ТАУКИЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

САУЫН СИЫРЛАРДЫ КӨБЕЙТУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР
17:15, 14 мамыр 2021
САУЫН СИЫРЛАРДЫ КӨБЕЙТУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

РЕСЕЙДІҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ КӨКШЕЛІК КӨРЕРМЕНМЕН ҚАУЫШТЫ
17:39, 11 мамыр 2021
РЕСЕЙДІҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ КӨКШЕЛІК КӨРЕРМЕНМЕН ҚАУЫШТЫ
Толығырақ...