
ДК: «Еңбекке баулу» пәні 1-қыркүйектен бастап мектеп бағдарламасына қайта енеді. Бұдан бөлек, ағылшын тілі де 3-сыныптан бастап оқытылады. Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Көкшетауға келіп, халық алдында есеп берді. Жиында білім беру саласындағы жетістіктер мен мәселелер айтылды. Тілшіміз Жансұлу Жиенқұл баяндайды.
РКС: Қыркүйектен бастап мектеп табалдырығын жаңа аттаған балаларға еңбекке баулу пәні оқытылады. Өйткені баланы жастайынан тірлік қылуға үйрету керек. Мұны Президент те Ұлттық құрылтайда айтты. Бұдан бөлек, министр үштілділік жүйесі 1-сыныпта қарастырылмайтынын хабарлады.
СНХ: АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ: Қазақ тілінде оқитын балалар 1 –сыныпта қазақ тілін меңгереді. 2-ші жылы екінші тіл, үшінші жылы ағылшын тілі қосылады. Сәйкесінше орыс мектептерінде 1-сыныпта қазақ тілі мен орыс тілі, өйткені қазақ тілі – мемлекеттік тіл болғандықтан, 3- сыныпта ағылшын қосылады.
РКС: Елде мектеп салуға мән беру керек. 2025 жылға дейін 1 миллион оқушыға орын дайындау басты мақсат. Жиында мектепке дейінгі білім беру мәселесі де қозғалды. Балабақшаларды жекеменшік және мемлекеттік деп бөліп жармаймыз. Барлығына бірдей жағдай жасалады,- деді министр. Мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі зорлық-зомбылық деректерінің жиілеп кеткенін де жасырмады. Қазір әрбір бөбекжайға бейнекамералар қойылып, тұрақты түрде тексеріс жүргізілетінін айтты. Сонымен қатар жиында мектепке дейінгі білім беру бағдарламасына біраз өзгеріс енетіні белгілі болды.
СНХ:АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ: Осы балабақшаларда баяғы совет үкіметінен қалыптасып келе жатқан типтік мектеп бағдарламаларындағыдай 20 минуттық сабақ беру. 3 жастағы балалардың ең басты бағыты – ойын. Ол баланы отырғызып қойып, сабақ беру өте қиын.
РКС: Министрдің айтуынша, ұстаздардың жалақасын көтеру үшін бюджеттен 5 триллион теңге бөлінген. Жалақы көтерілген соң сапа да сұралады. Білім беру мәселесіне қатысты біраз мәселе күн тәртібінде. Маман тапшылығынан бастап білім ордаларын жарақтандыруға дейінгі проблемаларды шешу басты назарда,-деді министр.
ЖАНСҰЛУ ЖИЕНҚҰЛ, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ