
ДИКТОР: Ақмола облысы бойынша он айда ВИЧ індетін 92 адам жұқтырған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 жағдайға аз. Алайда, сарапшылардың айтуынша, жағдай әлі де күрделі. Дүниежүзілік науқан аясында елімізде «ВИЧ: әр жанның үніне құлақ ас!» атты онкүндік өткізу жоспарланып отыр. Айта кетейік, бұл дертке қатысты тексерілу мен емделу тегін, әрі жасырын түрде жүргізіледі.
ИНФОГРАФИКА: Жыл басынан бергі статистикаға сүйенсек, облыста 30-бен 49 жас аралығындағы азаматтар індет жұқтыруға бейім болады екен. Оның ішінде 64 проценті әйелдер, 36 проценті ерлер.
ГРАФИКА:
Жас деңгейі-30-49 аралығы
Әйелдер- 64 %
Ерлер- 36 %
СНХ: ҚҰРМАНБЕК БҰРМАҒАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ СПИД-ке ҚАРСЫ КҮРЕС ЖӘНЕ АЛДЫН-АЛУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ: Коронавирусқа қатысты пандемия уақытында біз бұл дертке қарсы тексерулерімізді, сырқаттарды анықтау жұмыстарын тоқтатқан жоқпыз. Түрлі емдік шаралар да жалғаса берді. Бүгінгі күні ВИЧ жаһандық қауіпке айналып отыр.
РКС: Бұл індеттің алдын алуға бағытталған түрлі бағдарламалар аясында аймақта тегін медициналық шприцтер мен дәрі-дәрмектер, ақпараттық-түсіндіру парақшалары таратылды. Сонымен қатар, СПИД-ке қарсы күрес орталығында экспресс-тестілеуден де өтуге болады.
СНХ: БӘТЕШ БӘПЕНОВА, ОБЛЫСТЫҚ СПИД-ке ҚАРСЫ КҮРЕС ЖӘНЕ АЛДЫН-АЛУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ: Облыс бойынша жыл сайын тұрғындардың 14-15 проценті тестілеуден өтеді. ВИЧ инфекцияға қарсы 1000-нан сынамалар алынады. Қауіпті індеттің алдын-алу үшін тексерістен өту маңызды. Ауруды асқындырып алмаудың жоглын ерте кезден қарастыру қажет.
РКС: ВИЧ инфекциясының таралу жолы да сан алуан. Дерттің 64 проценті жыныстық қатынас арқылы, 25 проценттен астамы есірткі қолданған кезде жұғатын көрінеді. Дүниежүзілік СПИД-пен күрес шараларына арналған онкүндік Ақмола облысы бойынша қарашаның 15-і мен 25-і аралығында өткізілмек.
ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»