ШҰҒЫЛ! ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

10 МЫҢНАН АСТАМ АҚМОЛАЛЫҚ ПСИХИКАЛЫҚ АУЫТҚУЛАРМЕН ЕСЕПТЕ ТҰР

19:48, 25 қараша 2021

ДК: Тәуелсіздік жылдарында Ақмола облысының бірқатар медициналық мекемесі қайта құрылды. Солардың бірі-облыстық психикалық денсаулық орталығы. Айта кету керек, бұл өзгерістер оң өзгерістерге әкелді.

РКС: Облыстық психикалық денсаулық орталығы психиатриялық аурухананы, наркологиялық оңалту орталығын және есірткіге тәуелді адамдарды әлеуметтік-психологиялық оңалту мекемесін біріктіру арқылы құрылды. Бүгінде медициналық  орталықта 700-ден астам адам еңбек етеді.

СНХ: КАМИЛЬ РАСҚҰЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: 2018 жылы наркологиялық және Психиатриялық Қызмет біріктірілді. Бұл бүкіл республикада, барлық аймақтарда жасалды. Республика бойынша бізде ең жақсы көрсеткіштер бар. Біз басқа аймақтар арасында бірінші орында тұрмыз.

РКС: Психикалық денсаулық орталығында бір мезетте 700-ге тарта науқас жатым ем-дом қабылдай алады. Оның ішінде 40- ден астамы ересектер үшін психиатриялық, 20-дан астамы балалар үшін, қалғаны-наркологиялық.

СНХ: КАМИЛЬ РАСҚҰЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Қазір науқасқа ауруханадан шыққаннан кейін үйде жатып, амбулаторлық деңгейде дәрі қабылдауға мүмкіндік беретін өте жақсы дәрі-дәрмектер бар. Жатып емделудің қажеттілігі жоқ. Сол себепті стационарлық емдеу екінші орында.

РКС: Қазіргі уақытта Ақмола облысы бойынша психикалық ауытқулармен есепте 10 мыңнан астам науқас тіркеуде тұр. 6 мыңға жуық ақмолалық наркологиялық есепте.  Оның 1300-ден астамы нәзік жанды болса, 3-еуі жасөспірім.

 САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ, ЗАРИНА ЖҮНІСБЕКОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

Тақырып бойынша материалдар

 ҮЗДІК ЭКСКУРСОВОДТАР КӨКШЕТАУДА БАС ҚОСТЫ
19:45, 30 қараша 2021
ҮЗДІК ЭКСКУРСОВОДТАР КӨКШЕТАУДА БАС ҚОСТЫ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫНЫҢ СҮЙІКТІ ӘНІНЕН ФЛЕШМОБ ӨТТІ
19:45, 30 қараша 2021
ЕЛБАСЫНЫҢ СҮЙІКТІ ӘНІНЕН ФЛЕШМОБ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ОБЛЫС ӘКІМІ ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ БРИФИНГ ӨТКІЗДІ
22:35, 26 қараша 2021
ОБЛЫС ӘКІМІ ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ БРИФИНГ ӨТКІЗДІ
Толығырақ...
ЗАҢҒАР ТАУЛАР МЕН АЙДЫН КӨЛГЕ БАЙ ӨЛКЕ
19:56, 24 қараша 2021
ЗАҢҒАР ТАУЛАР МЕН АЙДЫН КӨЛГЕ БАЙ ӨЛКЕ
Толығырақ...