ШҰҒЫЛ! 13 СӘУІРДЕ РАМАЗАН АЙЫ БАСТАЛАДЫ Толығырақ

10 ЖЫЛҒА СОЗЫЛҒАН МӘСЕЛЕ

18:00, 8 сәуір 2021

ДК: Облыс орталығындағы тұрғын үй-коммуналдық, шаруашылық мәселелері азаяр емес. Қала іргесіндегі «Бейбітшілік» шағын ауданының тұрғындары да жолдардың жағдайы, көшелерді жарықтандыру және автобустардың қозғалысына наразы.

РКС: Жақын маңдағы дүкенге немесе автобус аялдамасына жету үшін жергілікті  тұрғындар екі шақырымға жуық осындай батпақ жолмен  жүруге мәжбүр. Ал, жеңіл автомобильдер үшін жол мүлдем жоқ. Әсіресе, мектеп оқушылары  үш шақырым жерде орналасқан білім ошағына да осы жолмен қатынайды. Осылайша, шағын аудан ішіндегі  жолдарға жергілікті тұрғындардың көңілі толмайды. Кейде тұрғындар тіпті үйлерінен де шыға алмай қалатындарын айтады. Ал, жауыр болған жол мәселесі он жылдан астам уақыт бойы шешілмей келеді.

СНХ: СҰЛТАНЖОМАРТ ОЗАТОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ//қазақша/// 00:18/// Жол мәселесі өте қиын.  Қыс болса, балалар сабаққа бара алмайды, жұмысшылар жұмысқа бара алмайды. + 00:32/// Көктемде көріп тұрсңндар мына суды. Балалар мектепке бару үшін батпақпен жүріп, аяқтарын су қылады. + 3:20/// Енді балалар қорқады осы екі ортада жүруге қараңғыда, әсіресе қыста. Бізде көп мәселелер бар.

СНХ: ГҮЛДАНА КӨБЕКОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ//қазақша// Дүкенге жетейік десек, көшенің бәрі лай, саз. Сазға батып жүрміз. Қысты күні жол жоқ, жүре алмаймыз. + 1:23/// Мысал үшін, қоқыс тастайтын жер жоқ. Өтіп бара жатқандар қоқысты тастай салады, ол шашылып есіктің алдына келеді.

РКС: Шағын аудан тұрғындарының тағы бір мәселесі қоқыс жәшіктерінің жоқтығы мен маршруттардың мүлдем қатынамауы. Автобус ауадай керек, себебі, шағын аудан жыл санап өсіп келеді,-дейді  тұрғындар.

СНХ: ГҮЛМИРА ХАСЕНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ//аударма/ / / / Шын мәнінде балалар жаяу жүреді, айналаның бәрі  батпақ. Тастар төгіп кетті.осы уақытқа дейін  уәдеден уәде естіп келеміз. Менің немерелерім мен балаларым «Боровской» шағын ауданына жаяу барады. Сондықтан, осы мәселе шешілсе дейміз.

РКС: Жауапты органдар шағын аудандағы жолдарды жөндеу жобасының дайын екенін және өткен жылы жұмыс басталғанын атап өтті. Жоба құны 450 млн. теңге. Қазір қаржыландыру мәселесі шешілуде.

СНХ: ЮРИЙ ШИДЛОВСКИЙ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ//аударма/// «Бейбітшілік» шағын ауданының автомобиль жолдарын қалыпқа келтіру бойынша жұмыстар жалғастырылатын болады. Қайта құру жұмыстары өткен жылы басталған болатын, сол кезде біз жаңа жол салу жұмыстарын жүргіздік. Аталмыш жоба үш жылға жоспарланған. Яғни, осы жыл және келесі жылда жұмыс жалғасатын болады. Жобаны толық қаржыландырған кезде мердігер ұйым жұмыстарды бастауға сақадай-сай. Бірақ, оны жүзеге асыру үшін 277 млн теңге қажет.

РКС: Өткен жылы басталған құрылыс жұмыстарының нәтижесі байқалмайды. Десе де, жергілікті тұрғындар бәрі қалыпқа келіп, жаңа жолдарда еркін жүруге үмітті.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

ОРТАЛЫҚ МЕШІТТЕ ЕКПЕ ЕГУ ПУНКТІ АШЫЛДЫ
20:57, 12 сәуір 2021
ОРТАЛЫҚ МЕШІТТЕ ЕКПЕ ЕГУ ПУНКТІ АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ Е.ӘУЕЛБЕКОВ ҚОРЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ
13:56, 7 сәуір 2021
АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ Е.ӘУЕЛБЕКОВ ҚОРЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ
Толығырақ...
«WORLDSKILLS KAZAKHSTAN-2021» ЧЕМПИОНАТЫ ЖАЛҒАСУДА
17:58, 6 сәуір 2021
«WORLDSKILLS KAZAKHSTAN-2021» ЧЕМПИОНАТЫ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...