
ДИКТОР: Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты Ақмола облысының автожолдарында көліктің барлық түрі үшін қозғалыс тоқтатылды. Жолдардың жекелеген учаскелеріндегі жағдай туралы тілшіміз Абзал Жұмабек баяндайды.
РКС: Көкшетау-Атбасар бағытына шығатын жолдың бойында көлік кептелісі орын алған. Бұл аумақтағы қозғалыс таңғы сағат тоғызда тоқтатылды. Бірақ, жол ашылып қалады-ау деген үмітпен тұрғандардың қарасы қалың.
СНХ: БЕКЗАТ ҒИБАДУЛЛИН, ЖҮРГІЗУШІ///аударма///Көкшетаудан Қостанай қаласына жол жүріп бара жатыр едім. 2 сағат болды осы жерде тұрғанымызға, өткізбей жатыр. Бала-шағамызбен отырмыз көліктің ішінде. Күтіп отырмыз.
РКС: Облыс бойынша республикалық маңызы бар жолдардың 11 бағытында көлік қозғалысына шектеу қойылды. Жолдардың маңызды деген бөліктерінде патрульдік полицияның 70 экипажы тәулік бойы кезекшілікте.
СНХ: МАКСИМ ШАТКОВСКИЙ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:///аударма///Ақпанның 23-і мен 25-і аралығында Ақмола облысы аумағында дабылды ескерту жарияланды. Секундына 20 метрге дейін қатты жел тұрады. Сондықтан осы күндері алыс жолға шықпай, сақтаныңыздар дегім келеді.
СНХ: ӘСЕТ БАЙТЕЛЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ///аударма///Таңғы сағат жеті жарымда Жақсы-Бұзұлық, Бұзұлық-есіл ауданы, Қостанай-Әулиекөл-Сұрған бағыттары бойынша жолдар жабылды. Таңғы тоғыздан бастап Екатеринбург-Алматы, Жақсы-Атбасар бағыттарындағы қозғалыс шектелді. Сондай-ақ Көкшетау-Петропавул, Көкшетау-Рузаев, Көкшетау-Омбы бағыттарындағы республикалық маңызға ие жолдар да жабылды.
РКС: Облыстың басқа да бағыттары бойынша жолдар жабылуы мүмкін. Қазіргі уақытта көліктердің өту мүмкіндігі мен жолдардағы көру деңгейіне мониторинг жүргізілуде.
АБЗАЛ ЖҰМАБЕК, АСЛАН ӘБУТӘЛІПОВ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.