ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

11 МЫҢНАН АСТАМ ОҚУШЫ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСПЕН ҚАМТЫЛАДЫ

12:56, 21 шілде 2022

ДК: Облыс бойынша балалар үшін қала сыртында 12 сауықтыру лагері жұмыс істеп тұр. Бүгінгі күнге дейін 6200-ден астам оқушы демалып үлгерген. Каникулдың аяқталуына бір айдан астам ғана уақыт қалды. Ақмолалық оқушылардың жазғы демалысын ұтымды ұйымдастыру үшін тағы қандай жұмыстар жүзеге асырылып жатыр? Тілшіміз Аида Хамитова баяндайды.  

РКС:. Облыс бойынша жазғы уақытта оқушыларды әлдебір демалыстың түрімен қамту мақсатында түрлі жобалар қарастырылған. "Бір апта ауылда", "Жас орнитолог", "Экскурсиялар" сынды жобалар соның айқын айғағы болса керек. Карантин кезінде үйде жатырқап қалған балалар үшін бұл бастамалардың өте қызықты екені даусыз. Бұдан бөлек өңір балғындары үшін республикалық лагерьлерде де демалыстар ұйымдастырылған.  

СНХ: МАРИНА ЛИ, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІ МАМАНЫ: Бірқатар жоба өзінің бірегейлігімен ерекшеленеді десем артық айтқандық болмас. Оның кейбірі тіпті Қазақстан аумағында жоқ десем қателеспеймін. Ең алдымен балалардың археологиялық ауысымы туралы айтқым келеді. Біздің балғын оқушы-археологтар үшін Красный Яр елдімекенінің маңында, сондай-ақ Атбасар мен Жақсы аудандарында арнайы қазба жұмыстары жүргізілді. 80-ге тарта оқушы жазғы демалыс кезінде балалардың археологиялық жұмысына тартылған.  

РКС: Красный Ярдағы агротехникалық колледжінің базасында күндізгі лагерь жұмыс істейді. Атауы да өзгеше. «Пайдалы демалыс» деп әзілдейді лагерьдегілер. Жазғы алаңда облыс орталығының 25 мектебінен 20-дан астам бала демалысын өткізіп жатыр.  

СНХ: БӘТИМА АЛПЫСБАЙ, ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬДІҢ ПЕДАГОГ-ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ: Бұл жерде балалар таңертеңгі тоғыздан кешкі алтыға дейін болады. Үш мезгіл тамақ беріледі. Түске дейін балалар колледждің аумағындағы бақшадағы өнімдердің арамшөптерін жұлып, су құяды. Түс ауа түрлі спорттық шараларға қатысып, бос уақыттарын қызықты өткізеді. Балалармен педагогикалық отряд жұмыс істейді, шеберлік сағаттарын өткізеді.  

СНХ: АСЛАН ТӨЛЕГЕН, СТАНЦИОННЫЙ КЕНТІНДЕГІ №7 МЕКТЕПТІҢ ОҚУШЫСЫ: Біздің лагерь ойын-сауық түріндегі ғана емес, сонымен бірге еңбекке де баулиды. Өзіме ерекше ұнады. 1Алғашқы маусымның басталғаны енді ғана, әр күніміз қызыққа толы өтіп жатыр. Лагерьге жазылғаныма еш өкінбеймін.

РКС: Мамандар тамыздың соңына дейін өңір бойынша 11 мыңнан астам оқушы жазғы демалыспен қамтылатынын айтады. Бұдан бөлек, 14 пен 18 жас аралығындағы 1200-ге тарта жас «Жасыл ел» жастардың еңбек жасағына тартылған.  

АИДА ХАМИТОВА, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.

Тақырып бойынша материалдар

COVID - 19: АЙМАҚТА ЭПИДЖАҒДАЙ УШЫҒЫП БАРАДЫ
13:09, 21 шілде 2022
COVID - 19: АЙМАҚТА ЭПИДЖАҒДАЙ УШЫҒЫП БАРАДЫ
Толығырақ...
ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ БАСТАЛҒАЛЫ 29 АДАМ ҚҰТҚАРЫЛДЫ
13:00, 21 шілде 2022
ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ БАСТАЛҒАЛЫ 29 АДАМ ҚҰТҚАРЫЛДЫ
Толығырақ...
ТҰРАҚТАНДЫРУ ҚОРЫНДА 1 МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ БАР
12:59, 21 шілде 2022
ТҰРАҚТАНДЫРУ ҚОРЫНДА 1 МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ БАР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар