ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕГІ БІРНЕШЕ КӨЛ ТАЗАРТЫЛАДЫ Толығырақ

12 МАУСЫМ – БАЛА ЕҢБЕГІН ҚАНАУҒА ҚАРСЫ КҮРЕС КҮНІ

20:55, 11 маусым 2021

 

ДИКТОР: Әлемде 10 баланың бірі жұмысқа жегіледі.  2000 жылдан бері жер жүзінде бала еңбегін қанау деңгейі 94 миллион жеткіншекке дейін төмендеді. Халықаралық атаулы күндер күнтізбесінде 12 маусым - бала еңбегін қанауға қарсы күрес күні болып белгіленген.

РКС: Орталық Азия бала еңбегін қанау мәселесі шешілмеген аймақтың бірі. Халықаралық еңбек қауіпсіздігін қорғау ұйымының дерегі бойынша әлемде жұмыс істейтін 215 миллион баланың 115 миллионы қауіпті жағдайда еңбек етуге мәжбүр. Оның 60 %-і ер балалар. Психологтар ерте жастан жұмысқа жегілген баланың жүйке жүйесі дұрыс дамымай қалу қаупі бар екенін айтады.  

СНХ: АЙГҮЛ ӘЛЖАНОВА, ПСИХОЛОГ///аударма/// Көптеген жұмыс берушілер уақыт ережелеріне мән бермей жатады. Соның кесірінен баланың психикалық жүйке жүйесіне әсері тиеді. Балалар уақытында демалып, өз өзін күтуі тиіс. Жұмыс істеймін деген баланың бетін қағу да дұрыс емес. Бірақ оның шектен тыс жұмыс істеуі және қай жерде еңбек етуіне мән беру керек. Баланың денсаулығы мен білімі әрқашан бірінші орында тұруы тиіс. 

РКС: Қазақстан аумағында бала еңбегіне қатаң талаптар қойылып, заңсыз жұмысқа жегуге тыйым салынғанымен, жаз айларында кәмелетке толмаған жеткіншектер 100 мың теңгеге дейін табыс тауып жүр. Бұл мәселеге тұрғындардың көзқарасын білдік. Баланың жұмыс істеуі дұрыс па?  

БЛИЦ-ОПРОС

 - Нет, конечно, родители должны обеспечивать.

 - Я думаю, что нет, они учиться должны!

 - В 16-20 лет должны работать, они должны понимать, откуда берутся деньги.

СНХ: СӘУЛЕ ҚОСТАНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ // қаз.// Менің ойымша, жұмысты ерте бастан істеп үйрену керек. Сонда ғана жеке тұлғаның бойына жауапкершілік, ұқыптылық және ақшаның қайдан келетінін түсіну сияқты қасиеттер сіңіріледі. Бүгін мен ұлымды орталыққа серуендеуге алып келдім. Ол әр түрлі аттракциондарға барып, балмұздақ, попкорн алғысы келеді. Қазір балалар ақшаның қалай келетінін түсінбейді. Сондықтан мен баламды жастайынан еңбекке баулимын. Үйде балаларымызды ойыншықтарды, ыдыс-аяқтарды жинауға үйретеміз.

РКС: Әлемде 5-тен 17 жас аралығындағы 218 миллион бала жұмыс істеуге мәжбүр. Оның  152 миллионының еңбегі қаналады. 73 миллион бала қауіпті еңбек жағдайында жұмыс істеуге мәжбүр.

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ, КӘМШАТ ТАКИШЕВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ,  КӨКШЕ АКПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЖҮК КӨЛІКТЕРІ ЖАҢА ТӨСЕЛГЕН ЖОЛДЫ БҮЛДІРДІ
14:06, 18 маусым 2021
ЖҮК КӨЛІКТЕРІ ЖАҢА ТӨСЕЛГЕН ЖОЛДЫ БҮЛДІРДІ
Толығырақ...