ШҰҒЫЛ! 13 СӘУІРДЕ РАМАЗАН АЙЫ БАСТАЛАДЫ Толығырақ

125 ЕЛДІМЕКЕНДІ СУ БАСУЫ МҮМКІН

17:59, 3 наурыз 2021

ДИКТОР: Өңірде 125 елдімекеннің су басу қаупі бар. Облыстық бюджеттің резервінен 643 миллион теңгеден астам қаражат қарастырылған. Бұдан бөлек өңірдің 17 ауданында да қосымша қаржы бөлінген. Төтенше жағдайдың алдын алуға аталған саланың бюджетінен 72 миллион теңге де жұмсалмақшы. Ақмола облысы бойынша су тасқынының алдын алуға қатысты атқарылып жатқан жұмыстар жайлы брифинг барысында төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрлан Атығаев мәлімдеді.

РКС: Арқадағы қалың қардың әлі ери қоятын түрі жоқ. Облыстың елдімекендерінен 263 мың текше метрден астам қар шығарылды. Бұл жұмыс әлі де жалғасып жатыр. Су тасқынының алдын алуға қатысты жұмыстар былтыр жазда басталған. Атбасар және Жақсы аудандарында екі гидротехникалық станциясына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Одан бөлек, «Казводхоз» Ақмола филиалына қарасты 5 станцияда да тиісті жұмыстар атқарылды. Қазіргі уақытта бұл станциялардың барлығы қар суларын қабылдауға дайын. Көктемгі су тасқынының алдын алуға облыс бойынша 300 тоннадан астам жағар-жанар май, 10 мың тоннаға жуық инертті материал мен 73 мыңдай қап дайындалды. Өңірдегі су тасқынының алдын алуға байланысты жағдайға ғарыштық мониторинг жүргізу үшін «ГеоСат» серіктестігімен келісім-шарт жүргізілген.

СНХ: НҰРЛАН АТЫҒАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ///аударма///Өзен-көлдердің қауіпті бөліктерінде судың деңгейі мен жағдайын бақылауға мониторинг жүргізу үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырмақшымыз. Қазгидрометтің гидробекеттерінен бөлек қосымша 88 бақылау бекеті қойылады. Неғұрлым нақты гидрологиялық деректерді анықтау мақсатында «Қазгидромет» филиалымен бірлесіп, Жабай және Селеті өзендерін 3 рет экспедициялық аралап өттік. Бұл жұмыстар ұдайы біздің бақылауда. Осы айда мамандар 10 ауданда мұз кептелісін жоюға қатысты жарылыс жұмыстарын жүргізеді.

РКС: Республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарда және теміржолда 4 мыңнан астам су өткізетін құрылғы мен 500-ден астам көпір бар. Олар уақытылы тазартылмаса, көктемде қар еріген кезде көлік инфрақұрылымының нысандарына кері әсер етеді. Бұл жұмыстарды жолға жауапты қызметтер мен жергілікті әкімшіліктер осы айда бастамақшы. Су тасқыны бола қалған жағдайда жедел әрекет ету мақсатында  қазірдің өзінде 800-ге тарта техника, 200-дей мотопомпа мен 50-ге жуық жүзу құрылғылары дайын тұр. 2 мыңға тарта адам күші жұмылдырылуы мүмкін. Айта кетейік, 4-5 наурызда өтетін "Көктем-2021" республикалық оқу-жаттығуы кезінде дайындық жан-жақты тексерілмек.

ТАҚЫРЫП: ГАЗ БАЛЛОНДАРЫНЫҢ ЖАРЫЛЫСЫ ЖИІЛЕП КЕТТІ

РКС: Екі ай көлемінде облыс бойынша 165 өрт тіркелді. Құтқарушылар  өңірде және жалпы республика бойынша тұрғын үй секторларында  газ баллондары жарылысының жиілеп кеткеніне  алаңдаулы.

СНХ: НҰРЛАН АТЫҒАЕВ,ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ///аударма///жыл басталғалы екі ай ғана өтті. Өкінішке орай 28 жарылыс болып, салдарынан 4 адам қаза тауып, 57 тұрғын зардап шекті. Бұлардың барлығында газ құрылғыларын дұрыс пайдаланбаудан орын алған.

РКС: Айта кетейік, жекеменшік сектордағы өрт қауіпсіздігінің алдын алуға қатысты бақылау жүргізуге төтенше жағдай қызметінің құзыреті жоқ. Тек жүйелі түрде түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Бірақ, ең өкініштісі, көпшілігі оған құлақ аспай отыр.   

АБЗАЛ ЖҰМАБЕК, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ОРТАЛЫҚ МЕШІТТЕ ЕКПЕ ЕГУ ПУНКТІ АШЫЛДЫ
20:57, 12 сәуір 2021
ОРТАЛЫҚ МЕШІТТЕ ЕКПЕ ЕГУ ПУНКТІ АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ Е.ӘУЕЛБЕКОВ ҚОРЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ
13:56, 7 сәуір 2021
АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ Е.ӘУЕЛБЕКОВ ҚОРЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ
Толығырақ...
«WORLDSKILLS KAZAKHSTAN-2021» ЧЕМПИОНАТЫ ЖАЛҒАСУДА
17:58, 6 сәуір 2021
«WORLDSKILLS KAZAKHSTAN-2021» ЧЕМПИОНАТЫ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...