ШҰҒЫЛ! 15 МАМЫР – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОТБАСЫ КҮНІ Толығырақ

13 СӘУІРДЕ РАМАЗАН АЙЫ БАСТАЛАДЫ

17:38, 12 сәуір 2021

ДК: Күллі мұсылман қауым асыға күтетін қасиетті Рамазан айы 13 сәуірде басталады. Ораза тұту 30 күнге созылмақ. Алғашқы тарауық намазы 12 сәуір күні оқылады. Сондай-ақ,  Қадір түні 8 мамырдан 9-на  қараған түнге сәйкес келіп отыр.  Ал,ораза айт 13 мамырға белгіленген. Бұл туралы арнайы өткен брифинг барысында Науан Хазірет мешітінің бас имамы Қуаныш Сәбит мәлімдеді.

РКС:Елдегі эпиджағдайға байланысты биыл да тарауық намазы мешітте оқылмайды. Ал, карантин кезінде ауыз бекітіп, ораза ұстау тәртібіне еш өзгерту енгізілмейді. Пітір садақаның құны жан басына шаққанда 420 теңге болып бекітілді.     

СНХ: ҚУАНЫШ СӘБИТ,  НАУАН ХАЗІРЕТ МЕШІТІНІҢ БАС ИМАМЫ///Биылғы Рамазан айындағы бір адам үшін берілетін пітір садақа мөлшері 2 келі ұнның нарықтық орташа бағасымен есептеліп, 420 теңге етіп белгіленді. Пітір садақа Рамазан айы кіргеннен бастап, Ораза айт намазына дейін беріледі. Уақытында бере алмаған жағдайда кейін берсе де болады, бірақ оның сауабы азаяды. Ақмола облысының тұрғындары өткен жылдағыдай «Kaspi Bank» және «Халық банк» қосымшалары арқылы өз пітір садақаларын облыстағы мешіттердің кез келгенін таңдап аудара алады.

РКС:Сонымен қатар, Рамазан айында бірқатар игі жоба да бастау алады. Соның бірі -  «Ауызашар қоржыны» акциясы. Осы жоба аясында ауызашар бергісі келетін облыс тұрғындары мешітке жүгініп, шаһардағы жағдай төмен, көмекке мұқтаж жандарға азық-түлік үлестіріле алады. Яғни, отыз күндік оразада мешіттің жұмысы жандана түспек. Сондай-ақ, оразада жаппай вакцинациялауда жалғасын таппақ. Ораза кезінде вакцина қабылдауға қатысты түрлі пікір айтылуда. 

СНХ: ҚУАНЫШ СӘБИТ ,  НАУАН ХАЗІРЕТ МЕШІТІНІҢ БАС ИМАМЫ///Аузы берік адамның екпе салдыруына қатысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мәлімдемесі жарық көрді. Мәлімдемеде былай делінген: «Екпе» – бактерия, вирус секілді микроорганизмдерден алынып, адам организміне жұқпалы аурулардан алдын ала сақтану және олардың иммундық қасиетін арттыру үшін егілетін препарат. Ол қажетті азық немесе организмге қуат беретін дәрумен емес. Сондықтан адам денесіне, тері астына, бұлшық етке, жамбасқа, көк тамырға инемен екпе егу оразаны бұзбайды», – делінген. Аузы берік адам екпе алғаннан соң өзін жайсыз сезініп, дәрігерлер оған дәрі қолдануға кеңес берсе, онда оразасын бұзып, ем қабылдайды. Сол күндердің қазасын айттан кейін өтейді.

РКС: Рамазан айында өңірдегі барлық мешіттер ашық болады. Құран оқыту, неке қию және бес уақыт намаз оқу сынды діни рәсімдер санитарлық талаптарды сақтай отырып орындалады. Сондай-ақ, «30 күнде 30 хатым» жобасы бойынша әр күн сайын Құран толығымен хатым етіліп, еліміздің бірлігі мен тұтастығы, халқымыздың амандығы үшін дұға жасалады.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, АЗАМАТ БЕКМАҒАНБЕТОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

САУЫН СИЫРЛАРДЫ КӨБЕЙТУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР
17:15, 14 мамыр 2021
САУЫН СИЫРЛАРДЫ КӨБЕЙТУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

РЕСЕЙДІҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ КӨКШЕЛІК КӨРЕРМЕНМЕН ҚАУЫШТЫ
17:39, 11 мамыр 2021
РЕСЕЙДІҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ КӨКШЕЛІК КӨРЕРМЕНМЕН ҚАУЫШТЫ
Толығырақ...