ШҰҒЫЛ! БАСКЕТБОЛДАН ҚЫЗДАР ҚҰРАМАСЫ ЧЕМПИОН АТАНДЫ Толығырақ

147 КУРСАНТ АНТ ҚАБЫЛДАДЫ

19:39, 9 қазан 2020

ДИКТОР: Көкшетау техникалық институтының  147  курсанты салтанатты түрде  ант  берді.  Еліміздегі жалғыз бейінді оқу орны құрылғалы бері болашақ құтқарушыларды бірінші курсқа биыл 26-шы рет қабылдап отыр.   Айтулы  шараға арнайы қатысқан облыс әкімі Ермек Маржықпаев пен ҚР Төтенше  жағдайлар  Министрі  Юрий  Ильин болашақ  құтқарушыларға  сәт-сапар  тіледі.

РКС: Бұл   күн өзге үшін өмірін қатерге тігуге дайын келген жастардың есінде ұзақ қалмақ.  Өйткені  алдағы 4  жылға жолдама  алған олар өз мамандығына адал  болуға  серт  бермекші.

РКС: Салтанатты шараға блыс әкімі Ермек Маржықпаев, Президент Жарлығымен қайта құрылған министрлік  басшысы   генерал-майор  Юрий  Ильин мен министрлік бөлімшелерінің басшылары қатысты.   Жаңа ведомоство жетекшісі курсанттардың қоғам құрметтейтін мамандық иесі екендіктерін жеткізді.

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

СНХ:ЮРИЙ  ИЛЬИН, ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ/// РУС/// Өз өмірлеріңізді құтқарушы болып, халыққа қызмет етуге арнау - өте жауапты іс. Сіздерге жүктелген талап жоғары. Сіздердің өмірлік міндеттеріңіз – көмекке мұқтаж жандарға жылдам, бірінші болып келу. Қызметтеріңіздің жоғары бағасы да – олардың сіздерге айтқан алғысы. Алдағы күндеріңізде көп кездесетін  сынақ пен қиындықты жеңуге тілектеспін!

РКС:  Институт курсанттары еліміздің әр аймағынан келген. Түрі мен туған жері басқа болса да, түпкі  мақсаттары бір – бала күнгі арманын орындау.

СНХ: ЗАМАНАЙ СЕРІКОВ, БІРІНШІ КУРС КУРСАНТЫ///ҚАЗ/ 00:24 Мен Батыс Қазақстан облысының түлегімін. Осы мамандықты таңдаған себебім – бала кезімнен халқыма көмектесіп, көмек қолын созу менің арманым болатын. Қазір арманыма жеттім. Сол арманыма жеткізген ата-анама рахмет. Бүгінгі күн мен үшін айтулы күн.

СНХ: ЕРГЕН ӘБУШАХМАНОВ, БІРІНШІ КУРС КУРСАНТЫ///ҚАЗ/// 0:17 Көкшетау техникалық институтында оқу бала кезгі арманым болған.  Бала күнгі арманым орындалып, енді қазіргі алға қойған мақсатым – осы институтты жақсы бітіріп,  Ақмола облысының адал, абыройлы азаматы болу.

РКС:  Биыл айтулы оқу орны 189 талапкерді қабылдаған. Оның 147-сі бүгін ант берді. Қалғандары Ресей мен Беларусия елдеріндегі бейінді оқу орнына жіберілген. Олар үшін бүгінгідей салтанатты рәсім тамыз айында өткен. Айта кетейік институт осы уақытқа дейін 5 мыңнан астам маман дайындаған.

АЙГҮЛ  МЫРЗАҒАЛИҚЫЗЫ,  АЗАМАТ БЕКМАҒАНБЕТОВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
13:12, 22 қаңтар 2021
ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар