ШҰҒЫЛ! 13 СӘУІРДЕ РАМАЗАН АЙЫ БАСТАЛАДЫ Толығырақ

15 ЕЛДІМЕКЕНДІ СУ БАСТЫ

18:03, 8 сәуір 2021

ДК:  Целиноград ауданының 15 елдімекенін су басты. Оның басым бөлігі  елорда іргесіндегі ауылдар. Қазір жергілікті әкімдік пен облыстық төтенше жағдайлар қызметі бірлесіп судың бетін қайтару жұмыстарын жүргізіп жатыр.

STAND-UP: АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, ТІЛШІ/// //қаз///Бұл Целиноград ауданына қарасты Қажымұқан ауылы. 5 мыңға жуық тұрғыны бар ауылдың бүгінгі көрінісі осындай. Еріген қардың су мөлшері көп болғандықтан тұрғындарды әбігерге салып, үй аулаларына дейін кіріп кеткен

РКС: Асланбек Сәдуақасов осы ауылда 5 жылға жуық тұрады.  Көктем келсе көретін әлегі осы. Арықтардан асқан қызыл су оның үйіне дейін кіріп, әуре-сарсаңға салады.

СНХ: АСЛАНБЕК СӘДУАҚАСОВ, ҚАЖЫМҰҚАН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ//қаз/// Жылда жылда осындай су. Көктем қалай келеді солай басталады ғой. Көріп тұрсыздар ғой. Көшенің суы үйге кіріп жатыр. Қар көп. Шығарылмайды. Таңертеңнен бері осы есік алдымен жүрмін. Жұмыстан сұранғам.

РКС: Соңғы бір тәуліктің ішінде аймақта 131 мың 236 текше метр су сорғызылды. Оның 130 мыңы Целиноград ауданына тиесілі. Яғни, аудандағы жағдайға байланысты Көкшетау және Атбасар қаласынан тағы да қосымша  күш жіберілді. Өңірдің төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің қызметкерлері күн-түн демей қызыл сумен күресіп жатыр.

СНХ: ҚАНАТ ДОСПАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ  ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ//Аударма//Өңірдің барлық аймағында көктемгі су тасқыны қарсы күрес шаралары жалғасуда. Әсіресе Целиноград ауданындағы ахуал мәз емес. Ауданның 15 елдімекенін су басқан. Апаттың салдарын жою үшін 5 сәуірде төтенше жағдайлар қызметінен 16 арнайы техника, 10 мотопомпа мен 60 құтқарушы көмекке жіберілді. Күн күрт жылынғандықтан, еріген қар суы елдімекендердің ішіне кіріп кетіп жатыр. Ауылдағы арықтар мен құбыр жүйесінің дұрыс болмауы жағдайды қиындатып отыр. Қояндыдағы су басқан 3 үйде құтқару жұмыстары жүргізілуде.

РКС: Сонымен қатар, Аршалы, Атбасар, Сандықтау, Астрахан аудандарыда баста назарда. Облыс орталығынан 1-2 күннің ішінде осы аса қауіпі аймақтардың барлығына қосымша техника мен құтқарушылар жіберіледі.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

ОРТАЛЫҚ МЕШІТТЕ ЕКПЕ ЕГУ ПУНКТІ АШЫЛДЫ
20:57, 12 сәуір 2021
ОРТАЛЫҚ МЕШІТТЕ ЕКПЕ ЕГУ ПУНКТІ АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ Е.ӘУЕЛБЕКОВ ҚОРЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ
13:56, 7 сәуір 2021
АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ Е.ӘУЕЛБЕКОВ ҚОРЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ
Толығырақ...
«WORLDSKILLS KAZAKHSTAN-2021» ЧЕМПИОНАТЫ ЖАЛҒАСУДА
17:58, 6 сәуір 2021
«WORLDSKILLS KAZAKHSTAN-2021» ЧЕМПИОНАТЫ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...