ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕГІ БІРНЕШЕ КӨЛ ТАЗАРТЫЛАДЫ Толығырақ

15 МАМЫР – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОТБАСЫ КҮНІ

17:14, 14 мамыр 2021

ДК: 15 мамыр – Халықаралық отбасы күні. Мерейлі мерекеге орай, Көкшетаудағы Неке сарайында ұлттық құндылықтарды насихаттап, адамгершілік қағидаларын ұстанған үлгілі отбасыларды марапттау рәсімі өтті.

СНХ: АЙНА МҮСІРӘЛІМОВА, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ///қаз./// Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Баршаңызды осы мерейлі мерекемен шын жүректен құттықтаймын.

РКС: Құдабаевтар жанұясы – бүгінгі жиынның құрметті қонақтары. Әулет 348 жылдан бері мұғалімдік қызмет атқарып келеді.

СНХ: АЙТЖАН ҚҰДАБАЕВ, ///қаз.///Мұндай дәрежеге жеткеніміз әке-шешеміздің берген тәрбиесі. Ол кісілер ұстаздық жұмысты өмір бойы істеді. Мұғалімнің еңбегі- өте сыйлы мамандық. Жер бетінде оқу оқымаған бала жоқ шығар. Аспанымыз ашық, еліміз тыныш болсын.

СНХ: ЛЕНА ҚҰДАБАЕВА, ///қаз.///Мен де Құдабаевтар әулетіне келін болып түскенде шешем өте биязы, өте пәк, тек қана адалдық жолға тәрбиелеп өсірді. Келіндері, немерелері болып, сол кісілердің жолын жалғастырып жүрміз, міне. Ұрпағымыз аман болсын.

РКС: Бұл күнді тойлау отбасының қазіргі жағдайы мен оның қоғам өміріндегі және өскелең ұрпақ тәрбиесіне маңыз беріледі,- деп атап өтті ұйымдастырушылар. Салтанатты шарада қоғамға қомақты үлес қосып отырған 10 отбасы марапатталды.

ЖАНСҰЛУ ЖИЕНҚҰЛ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ФАРХАД ЕСМАҒАНБЕТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЖҮК КӨЛІКТЕРІ ЖАҢА ТӨСЕЛГЕН ЖОЛДЫ БҮЛДІРДІ
14:06, 18 маусым 2021
ЖҮК КӨЛІКТЕРІ ЖАҢА ТӨСЕЛГЕН ЖОЛДЫ БҮЛДІРДІ
Толығырақ...