ШҰҒЫЛ! МҮМКІНДІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН СПОРТЗАЛ АШЫЛДЫ Толығырақ

17 ЕЛДІМЕКЕНГЕ ГАЗ ТАРТЫЛАДЫ

13:09, 22 ақпан 2021

ДИКТОР: «Сарыарқа» магистральді газ құбырын тарту барысында   Аршалы ауданының 17 елдімекені газдандырылады. Ол үшін мұнда автоматты газ тарату станциясы салынған. Сондай-ақ, ауданда жаңа кірпіш зауытының құрылысы басталды. Толығырақ тілші тарқатсын.

РКС: Бұл   газ тарату станциясының құрылысы былтыр басталған.  Оған республикалық бюджеттен 774 миллион теңге қаржы бөлініп отыр. Енді аталмыш станцияның арқасында  Аршалы ауданындағы 17 елдімекеннің 6895 үйі газбен қамтылмақ.  Автоматты газ тарату станциясы өз жұмысын маусым айында бастайды деген жоспар бар.

СНХ: АЗАМАТ ӘМІРЖАНОВ, АРШАЛЫ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: ///аударма/// 00:15/// Бұдан әрі Аршалы ауылына барады. Одан  Анар, Донецкое ауылдарына жеткізіледі.  Астана жақтан Жібек Жолы, Жалтыркөл ауылдарына тартылады. Биылға бізде  10 жоба бар. Оның 4-еуі былтырғыдан, 6-ы жаңа. 7 жобаға жауапты мердігер компаниялар анықталды.  Мынау «Сарыарқа» магистральді газ құбырынан тарайды.  Ол жерден жоғары қысыммен қосылуға барады. Ал мұнда қысым аз.

РКС: Облыс әкімі Ермек Маржықпаев газдандыру ісінде қателікке бой алдырмауға, әрі жұмыс қарқынын баяулатпауды тапсырды.

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМ:  ///аударма///Барлығы қалай жұмыс істегенімізге байланысты. Егер жұмыс дұрыс жолға қойылса, біз бюджет жағынан көмектесеміз. Мәселе болмайды. Жобаны жылдамдату керек. Бұл сіздерге қатысты. Адамдар қашаннан бері газды күтіп келеді. Адамдарға тезірек жеткізу керек. Ал қаражатқа келсек, біз оны Үкіметпен шешеміз. Бірақ оның бәрі сіздерге байланысты.

РКС: Волгодоновка ауылындағы кірпіш зауытының құрылысы былтыр қыркүйекте басталған. Жоба құны  11 млрд. теңгеден асады. Бүгінде 90 жұмысшы құрылыстың  іргетасы қалап,  инфрақұрылымдық желілер тарту бойынша жұмыс жүргізуде.

- Сейчас сами с Узбекистана возим. То есть лучше, чем импортные оттуда ввозить, местное производство наладим.

- Безусловно. И по логистике, и по ценам. Экономика совершенно другая будет.

РКС: Сонымен қатар, мұнда темір-бетон бұйымдарын шығаратын зауыттың құрылысын салуға  қызу  дайындық жүріп жатыр. Жоспар бойынша құрылыс жұмыстары биыл мамырда басталып, 2023 жылға дейін аяқталады. Аталған екі жоба өңірді құрылыс материалдарымен қамтамасыз етіп, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік бермек.

АЙСӘУЛЕ СЪЕЗБЕК, АСЛАН АБУТАЛИПОВ, АЗАМАТ БЕКМАҒАНБЕТОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ,  КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

ДЕРТКЕ ДАУА БОЛАР ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖЕТКІЛІКТІ
20:42, 26 ақпан 2021
ДЕРТКЕ ДАУА БОЛАР ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖЕТКІЛІКТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ВАКЦИНАЦИЯЛАУДЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ
17:30, 23 ақпан 2021
ВАКЦИНАЦИЯЛАУДЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
27 АҚПАННАН БАСТАП КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ ЖЕҢІЛДЕТІЛЕДІ
18:24, 24 ақпан 2021
27 АҚПАННАН БАСТАП КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ ЖЕҢІЛДЕТІЛЕДІ
Толығырақ...