ШҰҒЫЛ! «АРҚА ТӨРІ – АҚМОЛА!» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ Толығырақ

20 МЛН. ТЕҢГЕДЕН АСТАМ СОМАНЫҢ ЗАҢСЫЗ ӨНІМІ ТӘРКІЛЕНДІ

21:05, 21 маусым 2022

ДК: Облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері экономикалық тергеу департаментінің мамандарымен бірге сәйкестендіру құралдары жоқ 69 жәшік темекі өнімін  тәркіледі. Бұл дегеніңіз 34500 қорап шылым. Бүгінде бұл іс бойынша  сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

РКС: Темекі өнімдерін  сәйкестендіру құралдарымен таңбалау оны өндірістен түпкілікті тұтынушыға өткізгенге дейін қадағалауға мүмкіндік береді. Соған орай сатып алушы тауар жайлы толық ақпарат ала алады.                                                                                                                                                

СНХ: НҰРЛАН ЫСҚАҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ МАМАНЫ: Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері Ақмола облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп "Газ-33025" маркалы автокөлік құралында сәйкестендіру құралдарынсыз 69 жәшік (34 500 қорап) темекі өнімін тасымалдау фактісі анықталды. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында Нұр-Сұлтан қаласындағы «Әмір» әмбебап базарының аумағында жоғарыда аталған көлікке темекі өнімдері тиелгені анықталды.

РКС: 1 қаңтардан бастап темекі өнімдерін акциздік таңбалармен таңбалау талабы алынып тасталды. Осыған байланысты бүгінде Қазақстан аумағында өндірілетін және экспортталатын барлық темекі тек сәйкестендіру құралдары арқылы жүргізіледі. Темекі құнының белгіленген ең төменгі бағасына сәйкес заңсыз әрекеттерден келген шығын 20 миллион теңгеден асқан.  

СНХ: МАКСИМ ПАХНО, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Темекі өнімдерін тасымалдау және сатумен айналысқан шетелдік компанияның заңды бұзу дерегі тіркелді. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 214-бабы бойынша заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысты деген айып тағылып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 РКС: Бүгінде  заңсыз өнімнің  барлығы  тәркіленді. Мамандар алаяқтықтың бұл түрі ірі экономикалық қылмыстардың ішінде ең көп таралған,-дейді.

 

АЙНҰР ДҮЙСЕН, ӘЙГЕРІМ БЕГЕНОВА, МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, ӘМІР ҚОЙШЫБАЕВ. КӨКШЕ АҚПАРАТ

                             

Тақырып бойынша материалдар

ӨҢІРДЕ ЭХИНОКОККОЗ АУРУЫ БЕЛЕҢ АЛА БАСТАДЫ
20:20, 1 шілде 2022
ӨҢІРДЕ ЭХИНОКОККОЗ АУРУЫ БЕЛЕҢ АЛА БАСТАДЫ
Толығырақ...
БІЛІМ САЛАСЫНА БӨЛІНГЕН ҚАРЖЫ 160 МЛРД. ТЕҢГЕДЕН АСТЫ
20:19, 1 шілде 2022
БІЛІМ САЛАСЫНА БӨЛІНГЕН ҚАРЖЫ 160 МЛРД. ТЕҢГЕДЕН АСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 МЕДИЦИНА САЛАСЫНА 73 МЛРД.ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
19:16, 30 маусым 2022
МЕДИЦИНА САЛАСЫНА 73 МЛРД.ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
Толығырақ...
 «АРҚА ТӨРІ – АҚМОЛА!» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
19:31, 28 маусым 2022
«АРҚА ТӨРІ – АҚМОЛА!» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРА...
Толығырақ...
АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ ЖУРНАЛИСІ АНЫҚТАЛДЫ
19:32, 28 маусым 2022
АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ ЖУРНАЛИСІ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...