ШҰҒЫЛ! ЭКСПОРТТЫҚ ӘЛЕУЕТ. ИМПОРТТЫҢ ЖАЙЫ Толығырақ

20 ШІЛДЕ ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛАДЫ

19:27, 19 шілде 2021

 

ДИКТОР:  Биыл шілденің 20-сы мен 22-сі күндері аралығында барша мұсылмандардың ұлттық мейрамы - Құрбан айт мерекесі. Карантин талаптарына сай Құрбан шалуға ниет еткен жандарға бірнеше талап қойылмақ. Бұл жайында арнайы өткен брифингте Ақмола облысының бас имамы Қуаныш Сәбит баяндады.

РКС: Өңіріміздегі індеттің өршуіне байланысты, құрбан шалу рәсімі өткен жылдың үлгісінде қайталанбақ. Қасапшылар міндетті түрде бетперде тағып, антисептикті барынша пайдалануы керек.

СНХ: ҚУАНЫШ СӘБИТ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ: Карантиндік жағдайды ескере отырып, пандемияның себебінен биылғы жылы құрбан шалу рәсімі қашықтықтан болады.  Яғни онлайн түрде өткізілетін болады.+скл+ //03: 08// нақты айтатын болсақ қазіргі уақытта Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасының ұйымдастырумен « qurban2021» сайты іске қосылды.Құрбанға тапсырыс беруші адам,сол сайтқа кіріп, сол сайтта регионды таңдап жәнеде малдың қай түлігін таңдайды да бізге тапсырыс береді.

РКС: Өңірімізде құрбанға шалынатын төрт түлік малдың ішінде түйе мен ешкі тапшы болғандықтан, құрбандыққа тек қара мал мен қой шалынады. Нарықтың бағасына байланысты бір қойдың құны 70 000 теңгені құраса , қара малдың бағасы 450 000 теңге. Шариғат бойынша қойды тек бір адам құрбан шалуға рұқсат бар, ал қара малды 7 адам қосылып құрбандыққа шала алады.

СНХ: ҚУАНЫШ СӘБИТ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ: Құрбан шалғаннан кейін құрбанның етін үшке бөлу дәстүрі бар. Бір бөлігін өзінің отбасына қалдырады, бір бөлігін ағайын туысқанына береді, бір бөлігін мұқтаждарға тарату рәсімі бар. Қашықтықтан болған себебінен ол жерге адам көп жиналуға болмайды, сол себептен құрбанға тапсырыс беруші адам құрбандығынын үлесін ала алмайды. Түгел 100 пайыз шалынған құрбандығының еті осы қаладағы, өңірдегі мұқтаж адамдарға түгел таратын болады.

РКС: Айта кетейік, құрбандық малының еті таратылғандығы жайлы адам иесіне міндетті фото, видео есебінде ақпарат береді.

АБЗАЛ ЖҰМАБЕК, ПАВЕЛЬ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДА 15 СПОРТ АЛАҢЫ САЛЫНАДЫ
21:28, 3 тамыз 2021
ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДА 15 СПОРТ АЛАҢЫ САЛЫНАДЫ
Толығырақ...
АЙМАҚТЫҢ ДАМУЫНА ҮЛЕС ҚОСЫП ЖҮРГЕН ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ
21:27, 3 тамыз 2021
АЙМАҚТЫҢ ДАМУЫНА ҮЛЕС ҚОСЫП ЖҮРГЕН ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ
Толығырақ...
ҚОЯН-ҚОЛТЫҚ ҰРЫСТАН ӨҢІР ҚОРЖЫНЫНДА 1 ЖҮЛДЕ
21:24, 3 тамыз 2021
ҚОЯН-ҚОЛТЫҚ ҰРЫСТАН ӨҢІР ҚОРЖЫНЫНДА 1 ЖҮЛДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫН НЕСИЕЛЕНДІРУДІҢ ТИІМДІЛІГІ
18:59, 28 шілде 2021
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫН НЕСИЕЛЕНДІРУДІҢ ТИІМДІЛІГІ
Толығырақ...
ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ - ТӘРТІП КҮЗЕТШІСІ
19:10, 28 шілде 2021
ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ - ТӘРТІП КҮЗЕТШІСІ
Толығырақ...