ШҰҒЫЛ! АУТИЗМ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА ДЕНДЕП БАРАДЫ Толығырақ

2022 ЖЫЛ – БАЛАЛАР ЖЫЛЫ

16:11, 12 қаңтар 2022

 

ДК: Президент 2022 жылды  - Балалар жылы деп жариялады. Мұндағы мақсат - өскелең ұрпақты қорғау мақсатында ең алдымен билік тарапынан денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру саласында нақты іс-шаралар жасау. Қасым - Жомарт Тоқаев өз сөзінде балалардың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің жалпыұлттық міндетіміз, - деп баса айтты.

ЖКС: «Барыс жылы» - балалар жылы деп жарияланды. Президент кешегі Үндеуінде де балалар мен жастарға, жалпы қоғамға қатысты өзекті мәселелерді көтеріп, нақты шешімдер ұсынды. Оның ішінде, «Қазақстан халқына» әлеуметтік қорының құрылатынын мәлімдеді. Осы қор қаражатынан сирек ауруға шалдыққан балаларға көмек көрсетіледі. Бұл шешім ақмолалықтар арасынан да қолдау тапты.    

СНХ: ЖАНБАТЫР СӘБИТОВ, «МЕН ӨЗІМ ЖҮРЕМІН» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ МҮШЕСІ:  Мен қазіргі уақытта балаларға көмек жасаймын. Ерікті болып жүрмін. Президент 2022 жылды - балалар жылы деп жариялады. Халықтың үміті көп. Мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсететін қор құрылса жақсы болар еді. Халық балаларды, әсіресе мүгедек балаларды қолдауды сұрап отыр.

ЖКС: «Балалар жылында» өңірдегі балаларға арналған кітапхана қызметкерлері де түрлі игі істер ұйымдастырмақ.

СНХ: БАҚЫТЖАН АЙДОСОВА, ОРТАЛЫҚ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ҮЛГІЛІ КІТАПХАНАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ:  Жаңа Жылмен құттықтау сөзінде Президент 2022 жылды баллар жылы деп жариялады. Президент негізі өскелең ұрпақтың болашағына аса мән береді. Ауқымды жұмыстар мен реформаларды жастар сезінуі керек. Жастар арасында көзі ашық, көкірегі ояу азаматтар көп. Біз олардың жолын ашып, қолдау көрсетеміз. Өз деңгейімізде болашағының зор болуына септігімізді тигіземіз.

ЖКС: Президент жаңа қордың қаражаты денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау салаларындағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталатынын айтты. Сондай-ақ, қалаларда, аудандар мен ауылдарда балаларға спорттық нысандар салынып, дарынды балаларға қолдау көрсетілмек.

 

ГҮЛМИРА АМАНБАЕВА, МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

БИЫЛ 260 ЖАС МАМАНҒА ГРАНД БӨЛУ ЖОСПАРЛАНҒАН
17:26, 14 қаңтар 2022
БИЫЛ 260 ЖАС МАМАНҒА ГРАНД БӨЛУ ЖОСПАРЛАНҒАН
Толығырақ...